Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на март 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района."Мобильді азаматтар" базасына жыл басынан бері 1 млн адам тіркелді - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 16 июля 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Мобильді азаматтар» базасына жыл басынан бері  1 млн адам тіркелді
21:27, 15 мая 2019

«Мобильді азаматтар» базасына жыл басынан бері 1 млн адам тіркелді


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2019 жылдың алғашқы төрт айында 1,1 млн аса азаматты «Мобильді азаматтар» базасына тіркеді. Осылайша аталмыш базаға тіркелген қазақстандықтардың саны 6,8 миллионға жуықтап отыр, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефон нөмірі байланыстыру арқылы «Мобильді азаматтар» базасына тіркеу ерікті түрде жүргізіледі. Бұл арқылы дерекқорда жеке мәліметтері бар адамдар халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, бірнеше мемлекеттік қызмет пен сервисті онлайн түрде ала алады. Мәселен, базаға тіркелгендер egov.kz порталының құпиясөзін ұмытқан жағдайда, ұялы телефондарына бір ретік құпиясөзге сұрау жібере алады. Жаңа босанған аналар проактивті қызмет аясында, бала туылған шақта жіберілген SMS-ке жауап беру арқылы туу куәлігі мен жәрдемақының тағайындалуына өтініш беріп, бөбекті балабақша кезегіне қоя алады. Сонымен қатар базаға тіркелген азаматтар Тelegram-дағы egovkzbot көмегімен 25, mgov.kz қосымшасымен 81 түрлі қызметін қолдана алады.  Бұл  ұялы телефондағы сервистер арқылы мекенжай, соттылықтың болмауы, диспансерлердің есебінде тұрмау туралы, жылжымайтын мүліктің болу/болмауы сияқты бірқатар анықтаманы алып, дәрігер қабылдауына жазылуға, ХҚО-ға  алдын ала  онлайн кезекке тұруға, айыппұлдардың бар/жоғын тексеруге мүмкіндік береді. Аталмыш бот 2018 жылы іске қосылды. Осы уақытқа дейін оны 300 мыңға жуық адам қолданып, 162 мың рет мекенжай анықтамасын алып үлгерді.

Қазақстандықтар мобильді азаматтар базасының тізімінде тіркелген/тіркелмегенін egov.kz порталы арқылы тексере алады.

 

 

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района