Өмірінде банк картасы болмағандарға 42500 теңгені алу үшін бір ай уақыт беріледі

0
218

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн брифингте өмірінде банк шоты болмаған азаматтардың карта алуына қосымша жағдай жасалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Оларға 42500 теңге алу үшін онлайн өтініш толтыруы кезінде банк картасының шоты толтыруға міндетті ретінде шыға береді. Бірақ, өмірінде карта шоты болмаған азаматтар бар. Осы адамдардың төлемді кедергісіз алуы үшін бұл жолдың толтыру үшін міндеттілігін алып тастаймыз. Картасы жоқ азаматтарға арнайы смс жіберіледі және оларға сол кезден бері бір ай уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде олар қашықтан банк картасын рәсімдеп, картасының шот номерін смс арқылы хабарлауы тиіс. Мұнан кейін картаны «Казпочта» үйге жеткізіп береді.

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь