Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Өмірін өрген өнермен - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 16 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Өмірін өрген өнермен
20:28, 19 мая 2017

Өмірін өрген өнермен


Бұл кісі өзін қатал, талапшыл басшылардың қатарына жатқызады. Алайда, онымен тілдесе қалсаңыз көңіліңіз бірден жадырап, езуіңізге еріксіз күлкі үйіріледі. Өзі талай жас өнерпаздың жарқын болашағына жақсы жол сілтеп жүргенімен, оның сахнада жиі көре бермейсіз. Өйткені, ол ауданның қандай қоғамдық-мәдени ш арасы болса да мінсіз өтуі үшін әбігерге түсіп, үлкен жауапкершілікті арқалап сыртындағы қауырт дайындықтың ішінде жүреді. Ал, ол өзіне жарасымды қоңыр дауысымен ән салса, көпшілік көңіліне орнығып, қошеметіне бөленеді. Асабалығы да жоқ емес. Салмақты ой, орынды әзілімен ортаны қыздырып, отырыстың сәнін арттырады, осылайша, талай отбасының, ел ағаларының қуанышына ортақтасып жүрген жайы бар. Ол ешқандай атақ-даңққа, мақтау-марапатқа қызықпайды, бірақ алған мамандығы мен нәсібін тауып отырған кәсібінсіз өз өмірін елестете алмайды. Иә, ауданымыздың мәдениет саласын дамытуға үлкен үлес қосып, айтарлықтай еңбек сіңіріп жүрген Қолқанат Ізмаханов осындай жан!

1973 жылы 16 мамырда Қызылорда өңірінің Қазалысында дүние есігін ашқан кейіпкеріміз «Атадан ұл туса игі, әке жолын қуса игі» дегендей, қара домбыраның құлағында ойнайтын шеберлігімен елге жақсы танылып жүрген күйші Қараманның ізін жалғай түседі. Алдымен домбыра мектебін, кейіннен, Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетін тәмамдайды. Алғашқы еңбек жолын да осы меңгерген саласы бойынша бастап, өзінің көкейіне түйгенін өзгелердің бойына сіңіртеді. Сондай-ақ, анасы Жансұлудың да баян мен күйсандықты меңгерген мықты музыкант екенін де айта кеткен жөн.

Жалпы, Қолқанат Қараманұлының өнерге мүлдем қатысы жоқ салаға да ден қойған кездері болған. Құрылыстың да қара жұмысын арқалап, жиһаз жасап, кәсіпкерлікпен де айналысқан. Бірақ, өзінің орнықты орнын, жан қалауын осы мәдениет саласынан ғана тапқан көрінеді. Осыдан он жыл бұрын ауданымызға табан тіреп, қоғамдық өмірінің қым-қуыт тіршілігімен біте қайнасып кеткен ол бүгінде Ұмтылдағы өнер ордасын басқарады.

Бұл кісі, сонымен қатар, төрт баланың ардақты әкесі, Ғазиза атты аяулы жарының арқасүйері, қорғаны. Ширек ғасырға жуық уақыттан бері бір шаңырақ астында тағдырларын біріктіріп, тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан жарасымды жұптың перзенттерінің алды белді бір мамандық иесі атанып та үлгерген. Атап айтқанда, тұңғыштары Алмат – экономист болса, екінші ұлы Асхат – қазіргі уақытта өте сұраныс жоғары компьютерлік бағдарламашы болуға талпынып, жоғарғы оқу орынында білім алып жүр. Азаты 6-сыныпты бітіріп жатса, отбасының еркесі де ерекшесі 5 жасар Арайлым ата-анасының үлкен үміт артар көз қуанышы. Қауырт жұмыстан қолы қалт етіп, үйге енгенде солардың тәтті қылықтарына қарап, шаршағанын ұмытатын қамқор әке өзінің бақытты жан екенін алға тарта әңгімелейді. Ең бастысы, заманымыз тыныш, Елбасының аман болғанын қалайды. Жақындарының тек жақсылығы мен қуанышына ортақтасу, балаларының үлкен жетістіктерін жан-жарымен бірге көру – оның бар арманы осы. Ал, қалғаны әркімнің өз қолында, тек дұрыс әрекет, тіршілік ете білу керек деп түсінетін Қолқанат Қараманұлының өмірлік ұстанымы – «Адам боп келдім өмірге, адам боп өту тілегім, бәріңе соны тіледім…» дегенге саяды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района