Министрлік: «50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажет» деген ақпарат жалған»

0
214

Мессенджерлерде таратылып жатқан «50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажеттілігі» туралы ақпарат жалған, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше  мессенджерлерде 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстанда БЖТ-ны мәжбүрлеп аударуға «байланыстырылған» ешқандай жәрдемақы, төлем жоқ.

«Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз», – делінген хабарламада.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь