Министр журналистердің карантиндегі жұмыс тәртібін түсіндірді

0
441

 ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиннің күшейтілген режимінде БАҚ редакцияларына үндеу жасады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Арнайы бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларына айтарымыз, қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге жіберу қажет. Қалада жұмыс бабымен жүру үшін журналистің өзімен бірге қызметтік куәлігі және редакциялық тапсырма туралы анықтама болуы қажет. Анықтаманы телефоннан да көрсетуге болады, – деді Дәурен Абаев «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде.

Сонымен бірге, министр карантиннің күшейтілген режимінде тұрғындардың ауруханаға бара алатынын жеткізді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь