Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на март 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Министр Сапарбаев Қарасайда - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 20 июля 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Министр Сапарбаев Қарасайда
0:30, 27 апреля 2019

Министр Сапарбаев Қарасайда



Соңғы уақыттарда көп балалы аналар мен жағдайы төмен отбасыларға қатысты түрлі мәселелер көпті алаңдатқаны рас. Алайда, оларға мемлекеттік тарапынан бөлек, әлеуметтік жағынан қол ұшын беріп жатқан қайырымдылық ұйымдардың да қатары аз емес. Солардың бірі – «Садақа» қайырымдылық қоры. 2008 жылы құрылып, мейірімді жандардың басы біріккен бұл ұйымның атқарып жатқан игілікті істерімен танысу үшін, бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Бердібек Сапарбаев арнайы іс-сапармен келді. Министр «Садақа» қайырымдылық қорының ықпалымен аудан орталығы Қаскелең қаласының маңайында орналасқан шағын қалашықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, аталмыш қордың атқарып жатқан бірқатар игі бастамаларына көз жеткізді. Бердібек Машбекұлы алдымен «Садақа» қорының ықпалымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған баспаналарға кіріп, тұрғындардың жай-күйімен танысты. Жалпы, осындай тұрғын үйге мұқтаж жандар біз айтып отырған қайырымдылық қордың тіркеуінде міндетті түрде болуы керек. Ал, «Садақа» қоры өз кезегінде әлеуметтік тұрмысы төмен сол отбасылардың жағдайын қарастыра келе, аяғынан нық тұрып кеткенше баспана сыйлайтын болады. Солардың бірі Семей қаласынан көшіп келген 3 баласы бар, Гаухар Кенжебекова. Қазіргі таңда Гаухар осы қалашықта орналасқан тігін цехында қызмет етіп, тұрақты жұмысының жемісін көруде. Бүгінде 13 үйдің іргесі қаланған қалашықта 140 адамы бар 33 отбасы өмір сүріп жатыр. Қайырымдылық қордың алға қойған мақсаттарының бірі осындай тұрғындарға баспана сыйлаумен қатар, олардың коммуналдық төлем ақыларын, бала-шағаларының мектепке апарып-алып келуін де қамтамасыз етеді.  Арнайы іс-сапармен келген министр Бердібек Сапарбаев, «Садақа» қорының осы қалашықта орналасқан 4 тобы бар 70 бүлдіршінге арналған балабақшаны аралып, қызметкерлерімен телдесіп, балалардың ұйықтауға арналған 4 қабатты төсегіне де ерекше назар аударды. Бір айта кетерлігі, бұл жатар орын осы қайырымдылық қордың жеке авторлық ойлап тапқан өнімі. Министр сондай-ақ, құрылыс, шеберхана, тігін цехтарының жұмыс барасын көріп, отандық өнімдерге көңіл аударды. Бұл жұмыс орындары осында тұрып жатқан адамдардан бөлек, қалаға жақын орналасқан елді мекендерде тұратын жұмыссыздарға да арналған. Жұмыспен қамтасыз ету жайлы «Садақа» қайырымдылық қорының директоры Нурулла Қазмағанбетов, қордың өзге де жобалары жайлы айтып өтті.

Аталған мамандықтар жарты жыл ішінде оқытылып, даярлық курстан өткендерге арнайы сертификат табысталады. Ал, қайырымды істерді мақсат еткен бұл ұйым өз тарапынан сол мамандық иелерін жұмысқа тұрғызып қана қоймай, кәсібін одан әрі жандандыруына қаржылай көмектеседі.

«Садақа» қайырымдылық қоры осындай көз қуантарлық істерден бөлек, қазіргі уақытта көмекке зәру тұрмысы төмен 55 отбасына ай сайын 20 мыңнан 75 мың аралықта қаржылай да көмегін білдіреді. Олардың арасында көп балалы және жалғыз басты аналар, жетім-жесірлер мен мүгедек жандар да бар. Өз сөзінде Бердібек Машбекұлы аталмыш қордың атқарып жатқан қайырымды істерін Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында да келешекте жүзеге асыру керектігін айтты.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района