Министр мемлекет қаржысын игере алмай отырған облыстарды атады

0
99

Премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов бюджет қаражатын игере алмай отырған өңірлерді атады,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство басшысының айтуынша өткен жылы барлық жергілікті бюджеттердің шығыстары 213 миллиард теңге құраған. Дегенмен 36 миллиард теңгесі әлі тиісті мақсатта жұмсалмапты.

– Биылғы жылы жергілікті бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттердің жылдық сомасы – 1 триллион 526 миллиард теңге. Осы кезеңде оларға 18 миллиард теңге бөлінді. Алдын ала деректер бойынша олардың 65,4 пайызы немесе 12 миллиард теңгесі игерілді. Ал, 6,2 миллиард теңге орындалмаған. Оның 0,3 миллиард теңгесі үнемдеу сомасы. Сондай-ақ 5,9 миллиард теңге игерілмеген, –  деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Бұл ретте  қаржы министрі негізгі себептерді атады. Яғни, қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу, төлемнің негізі барын растайтын құжаттардың болмауы, аванс төлем мөлшерінің азаюы және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеудің ережесіндегі өзгерістер енгізуге байланысты.

Бюджеттен бөлінген қаражатты өткен жылдың қорытындысы сәйкес Түркістан облысында  – 2,8 миллиард теңге,  Нұр-Сұлтан қаласында – 1,6 миллиард теңге, Батыс Қазақстан облысында – 0,6 миллиард теңгені игере алмаған.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь