Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на март 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Министр Е.Тұрғымбаев: «Патрульдік полицияның еңбекақысын 65 пайызға өсіреміз». - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 24 мая 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Министр Е.Тұрғымбаев: «Патрульдік полицияның еңбекақысын 65 пайызға өсіреміз».
17:47, 13 марта 2019

Министр Е.Тұрғымбаев: «Патрульдік полицияның еңбекақысын 65 пайызға өсіреміз».


ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев жұмыстан қысқарып қалған полицейлерді қайда орналастыратынын айтты, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы ақпарат Tengrinews.kz сайтында жария болды.

Министр Ерлан Тұрғымбаев журналистер қауымына берген мәлімдемесінде былай деді: «Біз өз қатарымыздағы қызметкерлердің 10 пайызын қысқарттық, бірінші кезекте, орталық аппаратта 15 пайызға қысқарды. Басқару аппараты қысқарып, аудандық буынға дейін төмендеді. 10 пайызға қысқарту есебінен патрульдік полицияның еңбекақысын 65 пайызға өсіреміз. Олардың жалақысы төмен болып шықты. Мәртебені көтеру үшін, сыбайлас жемқорлықты төмендету үшін және күрделі еңбек жағдайлары үшін жалақыны көтереміз».

Сондай-ақ, Ішкі істер министрі,  120 мыңнан аса табыс табатын қазіргі тергеушілер мен жедел уәкілдердің жалақылары 1 шілдеден бастап 170 мыңға жуық болатынын да айтты.

«Ал, қалған санаттардағы қызметкерлердің жалақысы 25 пайызға өседі. Қалған қызметкерлер шетте қалып қойған жоқ, бір ай ішінде оларды өңірлерде, аудандық ІІБ бөлімшелерінде бос орындар бойынша бөліп, жұмысқа орналастырамыз», — дейді министр Е.Тұрғымбаев.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района