Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Меценат 17 үйдің кілтін тапсырды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 20 июня 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Меценат 17 үйдің кілтін тапсырды
0:01, 01 октября 2017

Меценат 17 үйдің кілтін тапсырды


Бүгін Шамалған ауылында, жергілікті меценаттың демеушілігімен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға 17 тұрғын үйдің кілті тапсырылды.

Атап айтқанда, Қарасай ауданының Құрметті азаматы, «Парасат» орденінің иегері  Болат Назарбаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында, туып-өскен өлкесіне, жергілікті халқына осындай қамқорлық көрсетті.

Бұл ерекше сәттің куәсі болып, шамалғандықтардың қуанышын бөлісуге Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы келді.

Елді мекенге кіре берісте жаңадан бой көтере бастаған ықшам аудан ортасына сән-салтанатымен тігілген алып сахна төріне шығып, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты мен тың жобаларының арқасында дамудың даңғыл жолына түскен еліміздегі қолға алынып жатқан жақсы істердің шарапаты киелі Жетісу өңірінде де көрініс тауып келетінін, соның ішінде Қарасай ауданында да атап айтуға тұрарлық көп жетістіктер бар екенін тілге тиек еткен өңір басшысы үлкен азаматтықтың үлгісін көрсетіп отырған Болат Әбішұлына жиналған халық атынан алғысын айтты.

Көп күттірмей-ақ, меценаттың өзі жаңа үй иелеріне баспаналарының кілтін тапсырды. Солардың қатарындағы Мұстафаев Шыңғыс І топтағы мүгедек. Бұған дейін пәтер жалдап тұрған. Қаншама жыл тұрақты төрі болмаған екі баланың әкесі қайырымды жандардың атына шын жүректен алғысын жаудырып, толқыныс үстінде көзіне жас алса, алты баланы жалғыз өзі асырап жүрген Дильбар Құттыбай «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасы арқылы білдірген жанайқайына құлақ түріп, көмек қолын созған ел ағаларына шексіз ризашылығын білдірді.

Жалпы, 120 шаршы метр аумақтан тұратын бұл 17 үйдің құрылысына 124,5 млн. теңге жұмсалса, 35 млн. теңге оның инженерлік коммуникациясына бөлінген. Осы жылдың сәуірінде басталған құрылыс жұмысы бес айдың ішінде толық аяқталып, барлық үй орталық газ, су, электр жүйесіне қосылған. Қажетті жиһаздармен де қамтамасыз етілген. 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района