Вторник, 20 февраля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Мерей мен марапат
19:08, 25 декабря 2017

Мерей мен марапат


Ауданымызда түрлі салаларда тындырымды еңбек етіп, ілкімді ісінің арқасында мерейі өсіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жандар аз емес. Солардың бірқатарын бүгін аудан әкімі Махаббат Бигелдиев салтанатты жағдайда марапаттады.

Атап айтқанда, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры  Теміржан Айтбаевқа және осы институттың бөлім меңгерушісі  Сайлау Бабаевқа аудандық мәслихатының шешімімен «Қарасай ауданының Құрметті азаматы» атағын растайтын төсбелгіні ел адында тапсырды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардағы абыройлы қызметі мен лауазымдық міндеттерін мүлтіксіз орындағаны үшін Алматы облысы әкімінің және аудан әкімінің Құрмет грамотасымен аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева марапатталады

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастырғаны және қызметін мінсіз атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының грамотасы Жаңашамалған ауылдық округі әкімінің орынбасары Мұрат Нисуповқа тапсырылса, Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Майра Жүніспаеваға  «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметкері» республикалық конкурсына белсенді түрде қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының Алғыс хаты берілді.

Жақында ғана Астанадан «Мен қазақпын» мегажобасына қатысып, жақсы нәтижемен оралған «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншісі Мұқатай Баймұхамет та назардан тыс қалмай, өңір мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының Құрмет грамотасын алды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласында Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің саяси-экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын жүзеге асыруда қол жеткізген жетістіктері үшін Қарасай ауданы әкімінің алғыс хатымен әділет басқармасының бас маманы  Гүлжайна Дүйсебекова марапатталды.

Барлық марапатты аудан әкімі Махаббат Бигелдиев өзі тапсырып, жетістікке жеткен жандарға жақсы тілегін айтып, алдағы күндердегі жұмыстарына сәттілік, отбастарына амандық тіледі.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района