Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Мен қазақпын» мега жобасы басталды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 20 июня 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Мен қазақпын» мега жобасы басталды
20:26, 30 мая 2018

«Мен қазақпын» мега жобасы басталды


Жарыққа шығысымен-ақ, жұртшылықтың көңілін баурап алған «Мен қазақпын» мега жобасы биыл да жалғасын тапты. Атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз дәстүрлі ән-күй, термелерді одан әрі дамытып, бүгінгі күн талабына сай түрлендіре отырып, өскелең ұрпаққа насихаттауды мақсат ететін байқаудың аймақтық іріктеу кезеңі бүгін біздің ауданымызда да өтті. Яғни, Қаскелең қаласындағы мәдениет үйінде Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарынан келген және біздің қарасайлық үміткерлер бас қосып, өз дайындықтарының деңгейін көрсетті. Жалпы, жоба шарты бойынша қатысушы 18-40 жас аралығында болуы керек. Байқауда бір ән, терме, күй, халық әндері, халық композиторларының шығармасы орындалады және өз таңдауымен еркін тақырыпта бір шығарма орындалады. Өнерпаздың киіміне де үлкен мән беріледі. Ал, осы талаптардың түгелдей орындалуын қазылар алқасы қатаң бақылауға алды. Оның құрамына әр ауданнан жиналған мәдениет саласының майталмандары топтастырылды.

Бұл іріктеу кезеңіне ауданымыздан үш үміткер қатысты. Атап айтсақ, Қарасай аудандық мәдениет үйінде оператор қызметін атқаратын Таңжарық Әкімзат деген жерлесіміз Еркін Таңатханның «Мен қазақпын» әні мен Сәдіқожаның «Сарыбидайын» орындап көзге түсті. Ал, екінші қатысушы Асылбек Дәулетияров болса, Есбайдың «Терісқақпайы» мен Құрманғазының «Байжұмасын» қара домбыраға күмбірлете салып берді. Оның былтырғы «Алтын домбыра» республикалық байқауының І орын иегері екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, 28 жастағы Абдрахманов Нариман да Үкілі Ыбырайдың «Гаккуін» әуелете шырқап, қазылар алқасының ризашылығына бөленді. Ол бұған дейін де үлкен байқауларда бақ сынап, бірінші халықаралық Тұрсынғазы Рахимов атындағы жарыста І орынды, облыстық «Текті сөздің төресі» атты жыршы, термешілер байқауында бас жүлдені иеленген болатын. Бұлармен қатар басқа ауданнан келген қатысушылар да белгіленген талап үдесінен шыға біліп, барлығы сегіз өнерпаз өңірлік жарысқа жолдама алды. Сол кезеңнің жеңімпаздары Астана қаласындағы «Қазмедиа» орталығында сайысқа түседі. Жобаның жартылай және ақтық мәресі «Қазақстан» ұлттық телеарнасының эфирінен тікелей көрсетіліп, жүлдегерді анықтауға телекөрермендер смс дауыс беру арқылы атсалыса алады.

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района