Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында

0
123

 Кеше аудандық  әкімдіктің мәжіліс залында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Диас Байзақов пен аудан бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі аға прокуроры Ардақ Карбозова өңірдегі мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Жиынға бөлім басшылары, қала және ауылдық округтердің әкімдері, сонымен қатар, көтерілген сұрақтарға жауапты мамандар қатысты. Басқосуды төраға ретінде аудан әкімі аппаратының басшысы   Айдын Әуесбай жүргізіп отырды. Оның барысында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылауда туындайтын мәселелер, оларды шешу жолдары және аталған бағытты дамыту сұрақтары   көтерілді.

Мемлекеттік кадр саясатын қалып­тастыру, халықтың мемле­кет­тік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыр­у бағы­тында­ игі бастамалар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Себебі,  кейбір жергілікті атқарушы органдардың мамандары өз деңгейінде қызмет  көрсете  алмағандықтан,   оларға жекелей немесе заңды тұлғалардың атынан арыз-шағымдар түсіп жатады.  Міне, осындай олқылықтарды алдағы уақытта орын алдырмау және мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру  тақырыптыры аясында жиынның спикерлері баяндамаларын оқып,  қойылған сұрақтарға жауап берді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь