Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 17 сентября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
19:40, 23 августа 2019

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР


Мемлекеттің қызметтің маңызы мен жауапты іс екені және заң бұзушылыққа қатысты ойлар айтылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Өздеріңізге мәлім болғандай, ағымдағы жылдың маусым айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық! Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды тұғырнамасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясы аясында атқарылатын жұмыстардың жоспары бектілген болатын. Бұл мақсатта Алматы облысына қарасты аймақтарда арнайы кесте бойынша халықпен кездесулер өткізіліп, жоғарыда аталған жоспардың міндеттері түсіндіріліп келеді. Оның ішінде әрине, мемлекеттік органдар мен қызметкерлердің атқарған жұмыстарына талдау да бар. Осыған орай,  бүгін аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Серікбай Нұрғисаев жиын өткізді. Мемлекеттік қызметкерлер мен мекемелердің басшылары, ауылдық округтің әкімдері, мектеп директорлары және балабақша меңгерушілері қатысқан басқосуды төраға ретінде аудан әкімі Жандарбек Далабаев жүргізіп отырды.

Алғашқы сөз кезегін алған Серікбай Өрікбайұлы билік қашанда халықпен тығыз байланыста болу керектігін айтып, мемлекеттік қызметкерлердің міндетіне қатысты біраз ойын ортаға салды. Сондай-ақ, департамент тарапынан мемлекеттік қызметтің сапасына мониторингтік талдау жүретінін, яғни, осыған сәйкес заң бұзушылық жағы қашанда қатаң бақылауда тұратынын жеткізіп, бірқатар ескертулерге де тоқталды. Сөз арасында облыстық департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы жақсы жұмыс жасап жатқанын айтып, жоғары бағасын берді. Жиын соңында аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы Серікбай Өрікбайұлына ауданымызға арнайы келіп, мемлекеттік қызметкерлер мен бірқатар мекеме басшыларына маңызды ақпараттар бөліскеніне алғысын айтып, айтылған сын-ескертпелерге қатысты жұмыс жүргізілетінін түсіндірді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района