Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПАКЕТІ КҮШЕЙТІЛЕДІ - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 17 сентября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПАКЕТІ КҮШЕЙТІЛЕДІ
17:53, 29 июля 2019

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПАКЕТІ КҮШЕЙТІЛЕДІ


Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Төрағасы Анар Жаилғанова мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік пакеті күшейтілетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне сілтеме жасап.

Нарықтық экономикадағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың тартымдылығы мен кәсібилігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілерді қолдау тұрғысында кешенді шара қабылдау қажет. Бұл туралы МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова Агенттіктің кеңейтілген кеңесінде айтты.

– Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей оңтайландырылған әлеуметтік жеңілдік пакеттері мен кепілдіктері мемлекеттік қызметке жоғары санаттағы мамандарды тарту деңгейін арттырады, – деп атап өтті Агенттік төрағасы.

А.Жаилғанова Агенттікке тиесілі аумақтық бөлімшелердің басшыларына жергілікті орындардағы мемлекеттік қызметшілерді қанағаттандыру деңгейіне талдау жүргізіп, бір айдың көлемінде аймақтардың қажеттілігімен өтініштерін ескере отыра соңғы ұсыныстарды енгізуді тапсырды.

Жоғарыда айтылғандардан бөлек, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің кеңейтілген  кеңесінде Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова елімізде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру туралы да айтты.

Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың тиімділік көрсеткіштері көбінесе қоғам пікірімен үйлеспей жататынын атап өткен.

А.Жаилғанованың айтуынша, Президенттік кадрлық резерв келешегі  кемел жастар үшін әлеуметтік жедел саты болып жаңа формация басшыларының дереккөзіне айналуы  тиіс. Сондықтан жобаның ауқымын ескере отырып, іріктеудің әр кезеңінде объективтілік, сапа және ашықтық үрдісі қамтамасыз етілуі  қажет.

Резервке кіретін тұлғалар саяси және жоғары  әкімшілік басқарушы, сондай-ақ ұлттық холдингтер мен  компаниялардың басшылық лауазымдарына тағайындалатыны белгіленді. Іріктеуде жоғары білімі бар жас қазақстандықтар, сонымен қатар, шетелдегі отандастар да қатыса алады. Бірақ, Президент тағайындайтын саяси мемлекеттік қызметшілер қатыса алмайды.

Резервке қабылданғаннан кейін оларды Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен Назарбаев Университеті базасында оқыту жоспарлануда.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района