Мемлекеттік қызметшілер арасында «Жайдарман» өтті

0
441

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен обдыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Жайдарман» ойыны өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы облыстық өңірлік коммуникауция қызметіне сілтеме жасап.

Сайыстың басты мақсаты – мамандарды зияткерлікке, ізденімпаздыққа, жасампаздыққа бағыттай отырып, ұжымдық бірлестікті қалыптастыруға негізделді. Ойынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев, «Жетісу» телеарнасындағы «Таңжарық» бағдарламасының редакторы Еркебұлан Жақыбай, «Жетісу» телеарнасы арнайы жобалар бөлімінің қызметкері Әділбек Абилов төрелік етті. Байқауға қатысып, бақ сынасқан барлығы төрт команданың ішінен  облыстық ішкі саясат басқармасының «Vip Zhetysu» командасы үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Ал, екінші орынды   облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы алса, үшінші орынды облыстық жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының «Жастар » құрамасы иеленді.

Әдемі ойын өрнегін көрсеткен қатысушылар жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь