Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Мемлекеттік қызметкерлерге шетелдік банктерде жеке шот ашуға тыйым салынуы мүмкін - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 17 сентября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Мемлекеттік қызметкерлерге шетелдік банктерде жеке шот ашуға тыйым салынуы мүмкін
20:05, 05 августа 2019

Мемлекеттік қызметкерлерге шетелдік банктерде жеке шот ашуға тыйым салынуы мүмкін


Алдағы уақытта Қазақстанда мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін шенеуліктерге елден  тыс жерлерде банктік шот ашуға заңды түрде тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш өзгерістер мемлекеттік қызметкерлер активтер мен капиталдарды жасырып қалдырмаулары үшін бағытталған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің депутаттық сауалына берілген ресми жауапта айтылған.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында парламент мүшесі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазаны қатайту туралы мәселені көтерді. Ол жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің, ұлттық компаниялардың басшылары мен олардың филиалдарының шетелдік шоттарына банктік құпиялылық деп аталатын қағиданы жоюды ұсынды. Депутат сонымен бірге заңсыз капиталды шетелге шығаруды тоқтатуды талап еткен болатын. Осы ретте мемлекеттік қызметкерлер үшін заңды түрде осындай шектеулер қойылуы мүмкін.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района