Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Мемлекеттік рәміздеріміздің мерейлі мерекесі - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 19 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Мемлекеттік рәміздеріміздің мерейлі мерекесі
19:29, 04 июня 2018

Мемлекеттік рәміздеріміздің мерейлі мерекесі


Бүгін егемендігіміздің ерекше белгісі болып табылатын рәміздеріміздің төл мерекесі. Жер бетіндегі қаншама алпауыт мемлекеттермен еліміз терезесі тең тұру үшін ең алдымен Ту, Елтаңба, Әнұранымыздың қадірі қоғамда жоғары болуы тиіс. Осы мақсатта, жыл сайын, заңды түрде бекітілген 4 маусымда, барлық өңір, әр аймақта ұлттық нақыштарымыз ұлықталады.

Қарасайлықтар да биыл аталған мерекені ыстық ықыласпен қарсы алып, аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға атсалысты.

Алдымен айбынды азаттығымыздың аңсаған ата-бабаларымыздың ауыр тағдыры, тәңір  өзі тарту еткен тәуелсіздігіміздің бағасы айқындалған композициялық қойылымды тамашалаған көпшіліктің алдына көк байрағымыз бен елтаңбамыз шығарылып, жиналғандар қосыла гимнді шырқады.

Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева қарасайлықтарды мерейлі мерекемен құттықтап, дербестігіміздің арқасында мемлекетіміз қол жеткізіп отырған жетістіктерді тілге тиек етіп, ізгі тілегін жеткізді.

  • Мемлекеттік рәміздерді мақтан етіп, құрметтейік, себебі әрқайсымыздың Отанға деген сезіміміз осы рәміздерге деген құрметімізден басталады. Еліміздің қасиетті Туы, Елтаңбасы, Гимні ұлы істердің бастауы болып, әлем алдында Қазақстан мемлекетін биік белестерден көрсетіп, абыройын асқақтата берсін!- деді Айжан Нұрділдәқызы өз сөзін қорытындылай келе.

Әрі қарай танымал патриоттық әндер шырқалған, мемлекетіміздегі береке-бірлік пен ұлттар достығын бейнелейтін билер биленген тартымды концерттік бағдарламаны аудан өнерпаздары жиналғандар назарына ұсынды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района