Мемлекеттік кірістер басқармасына — 5 жыл

0
680

Бүгін мемлекеттің дамуы мен өркендеуінде алатын орны ерекше салық саласының атауын өзгерткеніне 5 жыл толып отыр, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Алдымен Қазақ ССР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылғы 9 шілдеде Қазақ ССР Мемлекеттік салық салу қызметін құру туралы №380 Жарлығы және 1991 жылы 9 қыркүйектегі №520 «Қазақ ССР-нің Мемлекеттік салық қызметі жұмысының мәселелері қаулылар негіздерінде мемлекеттік салық инспекциясы аудандарда құрылды. Салық органдары құрылған күннен бастап бірнеше рет реформаланды. Соңғы реформа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы яғни, дәл бүгін №933 «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қаулысына сәйкес мемлекеттік салық басқармалары кірістер болып қайта құрылып, өз жұмысын бастады.
Осы жылдар ішінде Мемлекеттік кірістер комитетінде көптеген жұмыстар атқарылды: салықтық тексерулерді қысқарту бойынша шаралар қабылданды; анықтамалық ақпаратты ұсыну, талдау және қорыту процесі автоматтандырылды; жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу үшін алым жойылды; мемлекеттік қызметтердің сапасы артты. 1991 жылы жаңадан құрылған Қаскелең ауданы (қазіргі Қарасай) бойынша мемлекеттік салық инспкциясының бірінші басшысы болып Бекболат Молдашев тағайындалып, 1991-1994 ж.ж. басшылық қызмет атқарды. Кейінгі жылдары бұл басқарамада жеті басшы болды. Ал, 2019 жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейін басқарманы Айгүл Жолдыбек басшылық етуде. Құрамында 18 адаммен жұмысын бастаған басқарма бүгінгі таңда 9 бөлімдегі 62 маманмен салық төлеушілерге қызмет көрсетіп келеді.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтің 93,86 % электрондық, 6,14 % қолжазба форматында көрсетілуде. Осы жылдар ішінде бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер айтарлықтай еселеніп өсіп, миллионнан миллиардқа жетті. Мәселен, 1994 жылы бюджетке 288 851,4 мың теңге, 2018 жылы 47 762 906 мың теңге түсті. Бұл нәтиже Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары арасында бірінші орыннан көрінуге септігін тигізді. 2019 жылдың салық көрсеткіштері де көңіл қуантарлық жағдайда жүргізілуде. Нақты айтқанда, 31 шілдесінде тіркелген мәліметінде бекітілген мемлекеттік болжам бойынша 35 026 397 мың теңге болсанақты түскені 37 144 371 мың теңге, орындалуы 106%. Бұл жетістіктерін қарасайлық салықшылар мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің 5 жылдық мерейтойға тартуы деп санауға болады. Мерекелеріңіз құтты болсын!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь