Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 01 февраля 2018 года – 264.7 тыс. человек | из них: городское – 66,1 тыс.человек | сельское — 198,6 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28304 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Мемлекеттік бағдарламалар аясында мерейі өскен - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 25 апреля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Мемлекеттік бағдарламалар аясында мерейі өскен
19:50, 27 июля 2017

Мемлекеттік бағдарламалар аясында мерейі өскен


Қаскелең қаласында тұратын Нұрбосынов Ғани Бейсенұлы мемлекеттік «Өрлеу» жобасының қатысушысы. Гүлнұр есімді келіншектің адал жары, бір ұл мен екі қыздың асыл әкесі бүгінде қалалық мешітте наиб имам болып еңбек етуде. Дін жолындағы бұл қызмет анау айтқандай қыруар қаражатқа кенелтпейтіні анық. Ал, аталған бағдарлама оларға кәдімгідей қолдау болып, ынталандыра түскенін жас отбасы егесі жасырмайды. Олай деуге негіз де бар. Мысалы, шартты ақшалай көмек ретінде берілген 270 мыңдай теңгеге олар бір бұзаулы сиыр мен 40 тауық сатып алған. Ондағы мақсат – балалардың аузын аққа жарытып, күнелікті айран-сүтін ішкізіп, дастарханды табиғи таза өніммен толтыру.

  • Осындай жобалардың бар болуының өзі татулық пен бірлік орныққан тәуелсіз мемлекетімізде халыққа жеткілікті көңіл бөлінетінін айғақтай түссе керек – дейді Ғани бізбен әңгімесінде. – Елбасының басшылығымен жүзеге асып жатқан бұл бағдарламалар шынымен де жігеріңді жанып, ертеңгі күнге деген құлшынысың мен талпынысыңды арттыра түседі екен. Жаңа жоспарлар құруға, соған сәйкес әрекет етуге, тіршілігіңді түзеп, тоқтаусыз, тынымсыз еңбектенуге жетелейді. Алла қаласа, біз де аяғымыздан нық тұрып кетіп, бар күш-жігеріміз бен еңбегімізді ел дамуына арнауды армандаймыз…

Бір айта кетерлігі, Ғани да, оның жан-жары Гүлнұр да жоба шарты бойынша, кәсіптік қайта даярлаудан өтіп, өздеріне жақын кәсіпті игеріп алған. Атап айтқанда, бірі Қаскелеңдегі С.Жандосов атындағы колледжде тігіншілікке машықтанса, екіншісі, Үшқоңыр ауылындағы көпсалалы колледжде автоэлектрик мамандығын меңгерген. Гүлнұр бүгінде тігін машинкасын сатып алып, ең алдымен отбасы мүшелерінің киімдерін бүтіндеуге кірісіп кеткен. Тіпті, қызына арнап әдемі көйлек те тігіп, жіңішке істің қыр-сырына қаныға түскен. Ал, әлі көлігі жоқ болса да, Ғани болашақта өзіне қажет болып қалар деген үмітпен, темір тұлпар тоғын жалғауды жақсылап үйреніп алған.

Міне, қарапайым қоңыр тіршілік кешіп, «Өрлеу» арқылы өрісін кеңейте түскен тағы бір отбасының жайы осындай. Қораларын мал байлап, дастарханын аққа толтырып, көңілдері қалаған бір-бір  кәсіпті меңгеріп алды. Олар да осы ізгілік пен игілік үшін Елбасына риза.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района