Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на март 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Мемлекет басшысының Жамбыл облысына жұмыс сапары   - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 19 июня 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
16:06, 04 июня 2019

Мемлекет басшысының Жамбыл облысына жұмыс сапары  


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Жамбыл облысына келді,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  Ақорда сайтына  сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тараз қаласында өндіріс және мәдени орындарда болып, облыс жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен, жастармен кездесуі жоспарланғандығын Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли өзінің «facebook» әлеуметтік парақшасында жариялаған еді.

Алдымен, Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті. Жиынға өңірдің ардагерлері, зиялы қауым, азаматтық қоғам және жастар өкілдері қатысты. Қазақстан Президенті Жамбыл облысының экономикалық мүмкіндіктерін атап өтіп, түйіні тарқатылмаған бірқатар мәселеге назар аударды.  Атап айтқанда, өнеркәсіптің мүмкіндігін толық пайдаланып, индустрияландыру жобаларын іске асыруда заманауи технологиялық өндіріске баса мән беру керектігіне тоқталды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігінің төменділігіне көңіл бөліп, құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту қажеттігін ескертіп, өңірдегі мал ұрлығы мен есірткі саудасына тосқауыл қою керектігін атап өтті.  Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту қажеттігін ескертіп, өңірдегі мал ұрлығы мен есірткі саудасына тосқауыл қою керектігін айтты. Жиыннан соң Қасым-Жомар Кемелұлы «Көне Тараз» археологиялық саябағын аралап көрді.

Мемлекет басшысына І – ХІХ ғасырлар аралығын қамтитын республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш туралы баяндалып, өңірдегі археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған алтын, күміс тиындар, керамикалық қолөнер бұйымдары және басқа да құнды жәдігерлер таныстырылды. Сонымен қатар, «Шахристан – көне Тараз» кешенінің макеті көрсетіліп, алдағы жоспарлары туралы ақпарат берілді.

– Көне Тараздың тарихы әлі де зерттеле береді. Бұл жұмыстарға тұрақты қолдау көрсетіледі. Бұл салада халықаралық деңгейдегі мамандар көп. Бізге университеттерде туризм бизнесі бойынша мамандар әзірлеуді қолға алу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өңірде туристерді қызықтыратын тарихи орындар баршылық екеніндігін толық ақпарат алған, Мемлекет басшысы туризмді дамыту қажеттігін айтты.

– Аймақтың туристік әлеуетін арттырып, инвестиция тарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бұл бағытта шетелдік озық тәжірибелерді ескерген жөн. Үкімет туризмді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама дайындауда. Жамбыл облысы тарихи көрнекті орындарға өте бай. Өңірдегі Айша Бибі және Қарахан кесенелері, Жайсаң киелі жері, Көксай шатқалы және басқа да тарихи орындар – халқымыз үшін ортақ мәдени құндылықтар. Үкімет пен әкімдік бұл саланы бірлесе дамытуға күш салуы керек. Оған облыстың ресурстары жеткілікті, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы

 

 

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района