Мемлекет басшысы Мюнхенде өтетін қауіпсіздік конференциясына қатысады

0
77

 

Бүгін Германияның Мюнхен қаласында Қауіпсіздік жөніндегі 56-Мюнхен конференциясы басталады. Оның жұмысына ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Жаһандық жиын бүгін елорда уақытымен кешкі жетіге белгіленген. Оған дейін Президент бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдар мен Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен  екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Кемелұлы ауылшаруашылығы, құрылыс және энергетика саласының алыбы саналатын  «BayWa AG» компаниясының басқарма төрағасы Клаус Лутцпен кездеспек.   Ірі холдинг енді Орталық Азиямен байланыс орнатуға дайын. Және олардың таңдауы Қазақстан нарығына түсіп отыр. Мысалы, компания Назарбаев университеті базасында агроинновациялық зертхана салу мүмкіндігін қарастырып  жатыр.

Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы –  жаһандық ең ірі бейресми форумдардың бірі. Конференцияда қазіргі заманның маңызды мәселелері талқыланады. Жаһандық жиынға 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар қатысады деп күтілуде.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь