»Мектепке жол» акциясы

0
981

Биыл «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы белгіленген уақытынан ерте басталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқығын қорғау комитетi жаңа оқу жылының басталуына бiр ай қалғанда «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын өткiзедi. Акцияны өткізудегі мақсат – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде және әлеуметтiк себептермен мектептен қалып қоятын балаларға көмек көрсету.

Жыл сайын  өтетін қайырымдылық шарасы  биыл Қазақстан Республикасы Президентінің  тапсырмасымен көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында 3 шілдеде басталды. Ал, Алматы облысында «Мектепке жол» акциясы бойынша 5 шілдеден, Қарасай ауданында 19 шілдеден бері жұмыс жүргізілуде. Акцияны ұйымдастыру бойынша  комитеттің құрамы мен жұмыс  жоспары бекітілді. Жаңа оқу жылының қарсаңында  қолға алынған шара «Жүректен -жүрекке» ұранымен өткізілуде.    Қарасай аудандық білім бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек акция басталғалы аймақ бойынша 15 балаға 300 мың теңге көлемінде мектепке қажетті керек-жарағы алып берілген. Шара аясында көптеген қайырымдылық iс-шаралар өткізілу жоспарлануда.  Жылдан-жылға акцияның ауқымы кеңейіп, тұрақты қолдау білдірсек деген қайырымды жандардың  қатары артып отыр.  Сондай-ақ, төмендетілген бағада мектеп тауарларын сату үшін мектеп жәрмеңкесі  ұйымдастыру қолға алынуда.

Ал, көмек алуға үмітті ата-аналар мен балалар тізімі жергілікті жердегі мектептерде бекітіледі. Құжатсыз балалар анықталған жағдайда  бұл іспен қамқоршылық және қорғаншылық бөлімдері айналысады. Баласының болашағына бейжай қарамайтын ата-ана егер мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдық аламын десе, сонда өтініш білдіруіне болады. Акция қыркүйек айының 30 күніне дейін жалғасады. Сонымен қатар, қайырымдылық көрсетемін деушілерге білім бөлімінде 8-72771-2-10-80 нөміріне хабарласуға болады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь