«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

0
1079

Қазақстан республикасының Президентінің жарлығына сәйкес 2007 жылдан бері «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясының өткізіліп жатқанына биыл он бір жыл толады. Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Ағымдағы жылы да бұл қайырымдылық іс-шарасы жалғасын табуда. Қарасай аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастырумен өткен  Қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 20 балаға білім алуына қажетті құрал-жабдықтар таратылды. Іс-шара барысында ұйымның төрағасы  Сағымдық Жылқыбаев көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету аса маңызды екенін айтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь