«MEGA» сауда орталығы дүкендерін жалдағандардан ақы алмайтын болды

0
39

Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін «MEGA» сауда орталықтарының желісіне ие «Mega Mаnagement» компаниясы СОО қызметін тоқтата тұру уақытында жалдау ақысын есептемейтіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және орта бизнесті қолдау туралы үндеуіне орай, «Mega Mаnagement» компаниясы осындай шешім қабылдады. Яғни, компания жалдау ақысы мен тұтыну мен коммуналдық шығындардың ақысын алмайды.

– Біз СОО қызметін тоқтата тұру кезеңінде жалдау және коммуналдық шығын үшін ақы алмаймыз. «Mega Mаnagement» бұл шығындарды өз мойнына алады. Біз әлеуметтік-жауапты компания ретінде шешім қабылдадық және бұл бастама ерікті болып табылады. Егер қаласаңыз — бұл біздің азаматтық ұстанымымыз. Біз қалыптасқан жағдайдың барлық ауыртпалығын сезініп отырмыз. Өйткені біз де кәсіп иесіміз. Сондықтан да біз серіктестерімізге қолдау көрсеткіміз келеді, – деп мәлімдеді «MEGA» СОО желісінің иесі Нұрлан Смағұлов.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь