Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Медициналық сақтандыру – жайлы өмір кепілі - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 19 июля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Медициналық сақтандыру – жайлы өмір кепілі
12:12, 27 апреля 2017

Медициналық сақтандыру – жайлы өмір кепілі


Соңғы кезде елімізде өзекті болып жүрген тақырып – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС).  Жаңадан енгізілгелі жатқан бұл жүйеге халық сенімсіздікпен қарайтын секілді. Оған дәлел, жұртшылықтың пайызбен шаққандағы көп бөлігі селқос, яғни, пассив. Бұл сонау 1998 жылдардағы сәтсіздікті еске салады. Дегенмен қазір еліміз бұрынғыдан әлдеқайда дамыған, қуатты. Осы уақытқа дейін кеткен қателіктер реттеліп, жобаның жүзеге асуын мемлекет толық бақылауына алған. Қазіргі таңда бұл қорға ақша салған әрбір азамат өз бюджетін толық көреді.

Осыған орай мемлекетіміздің әр өңірінде түсіндіру шаралары өтіп жатыр. Осы ретте ауданымызда да бұл жұмыстар іске асып жатқанын айта кеткен жөн. Мысалы, бүгін медициналық ақпараттық аналитикалық қызмет жетекшісі Ербол Қайратұлы бастаған дәрігерлік топ рейдке шықты. Ондағы мақсат Елбасы Жолдауында бастау алып, іске асып жатқан сақтандыру шараларын кеңінен насихаттау, артықшылықтарымен таныстыру. Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесінде орналасқан «Жер – Ана» базарының әкімшілігімен келісіп, алдымен микрофон арқылы қалың көпшілікке ақпарат берді. Әлеуметтік маңызды жобаның халық көп шоғырланған өңірде өтуінен, қаншалықты жоғарғы саяси оқиға екен байқаймыз. Рейд барысында «Замза» сауда кешенінің сатушыларына, қызметкерлеріне, қызығушылық танытқандарға жеке кеңестерімен бөлісті. Базар ішін аралап міндетті әлеуметтік сақтандырудың өту барысына, артықшылықтарына тоқталды. Өз кезегінде сауал қоюшыларға уақытын арнады. Түске дейін болған базардағы түсіндіру шаралары, түстен кейін Үшқоңыр мәдениет үйінде жалғасын тапты. Аталған ауылдық округтің әкімі Әділбек Далабаев жүргізген жиынға аудандық аурухана директорының орынбасары Жамал Кұтпанова, жұмыспен қамту орталығының бас маманы Әділбек Ахметов келді. Ауыл тұрғындары мен мектеп мұғалімдері қатысқан басқосуда түсіндіру тобының басшысы Ербол Қанатұлы сөз алып, барынша толық ақпарат берді.

Жалпы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру әлемдік алпауыт елдерде бастау алып, оң нәтижесін берген. Бұл жүйенің артықшылығы, кедей мен байдың теңелетін жері. Бай қаншалықты көп, ал, кедей қаншалықты аз салық төлесе де, көрсетілетін көмек бірдей.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысу үшін алдымен өз статусыңызды анықтауыңыз керек. Оны Халыққа қызмет көрсету (ЦОН), жұмыспен қамту орталықтарынан біле аласыз. Ол белгілі болған соң, емханалық (мемлекеттік және жекеменшік) мекемеге тіркелесіз. Тұратын аймағыңызға жақынын таңдағаныңыз жөн. Аталған жоба 2017 жылдың 1- шілдесінен бастау алады. Еске сала кетейік, 15 түрлі топтағы адамдардың жарнасын мемлекет бөледі. Олар: ҰОС ардагерлері, мүгедектер, кәмелет жасқа толмаған балалар, оқушылар, студенттер, жұмысқа жарамсыздар, үш жасқа дейінгі баламен үйде отырған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» тағынған көп балалы аналардан бұл мақсатта шығын шықпайды.

Құрметті Қарасай ауданының тұрғындары! Сіздерді өз статустарыңызды анықтап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға атсалысуға шақырамыз.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района