Медеу – Шымбұлақ жолы уақытша жабылады

0
214

Медеу – Шымбұлақ жолы жөндеуге жабылады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы қалалық мобильді басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәлімдемеге сүйенсек, жөндеу жұмыстары 25 тамызда басталады.

«Медеу – Шымбұлақ автожолында орташа жөндеу жұмыстары басталады. «Медеу» шлагбаумынан жаңа көпірге дейін жөнделеді. Осыған байланысты аталған автожол биыл 25 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында жабық болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және қала тұрғындарынан жол маршрутын алдын-ала ойластыруды сұраймыз», — делінген хабарламада.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь