Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Медбике Анар - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 16 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Медбике Анар
9:00, 17 июня 2017

Медбике Анар


 

Мейірімді медбикелердің жұмысы қашанда үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Дәрігер емінің нәтиже беруі де ең алдымен солардың ұқыптылығына байланысты. Сонымен қатар, бұл мамандық иесінің адамдарға түсіністік пен сүйіспеншілікпен қарауы да өте маңызды. Өзінің өмірін науқас адамдарды емдеуге арнаған Анар Жылгелдиеваны да осы жылы жүректі медбикелердің қатарына қосуға болады. Бұл салада жиырма алты жыл еңбек еткен кейіпкеріміз алдына келген науқастан ешқашан көмегін аяған емес. Анар Ниазалиқызы 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келіп, бір жасына толған уақытында әке-шешесі Қаскелең қаласына қоныс аударған. Осы жердің Әлімқұлов мектебін тәмәмдап, ақ желеңді абзал жан болуды ұйғарады. Оның таңдауын ата-анасы да қолдап, Алматы қаласындағы республикалық медициналық колледжіне түседі.

– Медбике ісі оңай емес. Бұл мамандықты шын ниетпен таңдау керек, өйткені, сенің алдыңа науқас адам сеніп келеді, ал, сен болсаң сол науқасты емдеуге бар жігеріңді салуға тиіссің. Бұл мамандық иесі болу балалық шағымның арманы болды десем өтірік айтпаспын. Адамға көмек қолын созу, жақсылық істеу, өмірдегі ең керемет нәрсе деп білемін. Міне, сондықтан да өмірімнің 26 жылын осы іске арнадым, – дейді кейіпкеріміз бізбен әңгімесінде.

Алғашқы еңбек жолын Анар 1991 жылы Қарасай аудандық орталық ауруханасында кезекші медбике болып бастапты. Одан кейін 1993 жылы ота жасау бөліміне ауысқан.

– Былай қарағанда медбике қызметі аса қиын жұмыс тәрізді көрінбейді. Бірақ, медбике науқастың денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейді. Тамыр мен бұлшық етті дәл тауып, науқастың денесін жарақаттамай ине салудың өзіне үлкен ептілік керек. Өзім осы салада жүріп талай адамның алғысына бөлендім. Аллаға шүкір, еш өкінішім жоқ, – дейді Анар Жылгелдиева.

Науқастың қасы мен қабағына қарап, ауруынан айығып кеткенше бәйек болып жүретін медбикенің еңбегін әріптестері де жоғары бағалайды. Оның ынта-жігеріне риза болған тәжірибелі дәрігерлер ақыл-кеңесін аямаған. Кәсіби біліктілігін анықтайтын сынақтарда да Анар үздік атанып жүрген. Анар Жылгелдиева 2015 жылдан бастап аталмыш мекемеде аурухананың бас медбикесі болып жұмыс істейді. Сол уақыттан бері иығына үлкен жүкті арқалаған маман аурухананың орта мамандандырылған 800-ге жуық қызметшілерінің жұмысын бақылайды. Істің әділдігі мен шындығын жақтайтын ол осы салаға енді қадам басқан жастарға білмегенін үйретіп, жол көрсетуден жалықпайды. Бұдан бөлек, мансабым жоғарылады деп өзін ешқашан көтермелемеген. Керісінше, кішіпейілдік танытып, жұмысында тек жақсы нәтиже шығаруға тырысқан. Қай кездерде де көмек сұраған адамдарға жәрдемдесуден бас тартқан емес. Қолы жеңіл медбикені шақыратын қала тұрғындары да көп екен.

Оның жеке өмірі туралы айтатын болсақ, Анар құдай қосқан қосағымен екі баланы тәрбиелеп, ер жеткізуде. Үлкен қызы жоғары оқу орнында оқитын болса, кенже ұлы мектеп табалдырығын басуға дайындық үстінде.

Ия, жуырда медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Ал, біз өз тарапымыздан ақ халатты абзал жандарды мейрамдарымен шын ниетпен құттықтап, алдағы уақытта тек табысқа кенеле беруін тілейміз.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района