Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов Қарасай ауданына келді - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 24 августа 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов Қарасай ауданына келді
9:18, 01 февраля 2019

Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов Қарасай ауданына келді


Ауданымызға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов келіп, бірқатар нысандарды аралап қайтты. Ең алдымен, «Батыр бабалар» мемориалына келген халық қалаулысы аудан әкімі Жандарбек Далабаевпен бірге мәдениет колледжінің студенттерімен кездесті. Жүздесу барысында Әбдіманап Елікбайұлы аудан жастарына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жарияланған Жастар жылының мән-маңызы туралы кеңінен айтты. Сондай-ақ, жастардың, әсіресе,  мамандық таңдауда қателеспеуі қажеттігіне назар аудартты, оларды ойландырған, толғандырған бірқатар сұрақтарына жауап берді. Бұл жерді аралап болған соң, Мәжіліс депутаты студенттермен бірге «Анаға құрмет» музейіне де кіріп шықты. Ал, мұнда аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы ел ертеңі – жастарды жақсы істерге шақырып, өз ақыл кеңесін берді.

Келесі кезекте Әбдіманап Елікбайұлы іс-сапарын Қаскелең қаласындағы «Қарлығаш» шағын ауданына бұрып, ондағы істің барысымен танысты. Бұл ретте мемлекет басшысының «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйіне ден қойды. Бағдарламаның жүзеге асу барысын көріп, пәтерді аралап, жақсы бағасын берді. Сонымен қатар, тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан «Қарлығаш» балабақшасына да барып, тәрбиешілермен білім реформасының тиімділігі жөнінде сөз қозғап, айлық жалақылары жайында сұрап, және де өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына да құлақ асып, білім саласындағы бірнеше мәселені ортаға салды. Сондай-ақ, бөбекжайдың ішін де аралады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района