Мәслихаттың сессиясында маңызды шешімдер бекітілді

0
744

Аудандық мәслихаттың кезекті отырысында мәселеге қатысты ұсыныстар талқыланды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Бірқатар мәселелердің шешімі бекітілетін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында бүгін алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 50-ші сессия өтті. Жиынға аудан әкімі Жандарбек Далабаев пен оның орынбасарлары, халық қалаулылары, ауылдық округ әкімдері және бірнеше бөлім басшылары қатысты. Ал, сессияға аудандық мәслихаттың хатшысы Айтбай Көшкімбаев төрағалық етіп, күн тәртібінде қаралатын мәселелерді атап өтті. Оның алғашқысы Қарасай ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы болғандықтан, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жеңіс Ноғайбаев арнайы толық ақпаратты жетікізе келе, жиынға қатысушыларға 2020 жылға арналған аудандық бюджеттегі түсімдерді тізбектеп өтті. Сонымен қатар, баяндамашы, 2020-2022 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасына қатысты ұсынысын нақты түсіндіріп, оның қаржылай көлем жағынан кірісі мен шығысы қандай болатынына да тоқталды. Сөз соңында бөлім басшысы Жеңіс Құсайынбайұлы осы айтылған жобаны 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бекітіп беруін сұрады. Жалпы, алғанда аталған шығынның қай-қайсы болмасын, қажетті салаға сай жұмсалатынын айта кеткен жөн.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе Қарасай ауданының ауылдық елдімекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік бірқатар салалардың мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдауы және оның мөлшерін бекіту туралы болды. Аталған мәселеге қатысты аудандық еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Қилыбаева сөз сөйлеп, маңызды мәліметтерді, сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмекке қатысты ақпараттарды толығымен көпшілікке жеткізді. Ал, талқыға түскен үшінші мәселенің мән-жайы аудандағы жер телімдерін меншікке немесе жер пайдалануға беру жөніндегі комиссияны құру еді. Оған қатысты ұсынысты сессия төрағасы Айтбай Жексенбайұлы қысқаша жеткізді.

Жиын соңында аудан әкімі Жандарбек Далабаев ауқымды жұмыстардың ұсынысына сай атқарылатын шаруалардың да жоғары болатынын айтып, аудан бойынша әлі де кенжелеп тұрған мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ, аудан басшысы депутаттардың талай істерге қолғабыс еткенін ерекше айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь