Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Мәртебесі биік мұғалімдер - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 22 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Мәртебесі биік мұғалімдер
19:24, 05 октября 2018

Мәртебесі биік мұғалімдер


Республикамыздың барша ұстаздары өз төл  мерекесін қуана қарсы алып жатқанда мұғалімдердің әлеуетін, әлеуметтік жағдайын қарастырған Елбасының бүгінгі Жолдауы мұғалім мәртебесін тағы бір көтеріп тастады. Онда «Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысын көбейтіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. Одан бөлек республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлуді қарастырғаны айтылып, орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген. Қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударғаны жөн деп атап көрсетілді. Ал, Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандартты болуы, білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандартқа негізделуі тиіс екені айтылды. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды, бұл «оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді», деген пікірлері барша ұстаздардың қолдауына ие болды. Ал, «Педагог мәртебесі» туралы Заң мұғалімдердің қоғамдағы биік орнын айқындап берері сөзсіз. Осы орайда, жаңашылдығы мол Елбасының Жолдауы әріптестерім үшін де маңызы мол.

Венера Кдырбаева,

Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района