Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Мәртебеңді анықта! - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 20 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Мәртебеңді анықта!
1:04, 14 июня 2017

Мәртебеңді анықта!


10 маусым күні Қарасай аудандық орталық ауруханасының  ұйымдастыруымен Қаскелең қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында «Емханаға тіркел, мәтебеңді анықта!» акциясы өтті. Аталмыш шараның мақсаты тұрғындарға осы жылдың 1-ші шілдесінен енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы кеңінен ақпарат беру. Бүгінде бұл туралы телевизия, әлеуметтік желілер мен баспасөз беттерінде жиі айтылып жатыр. Дегенменде, тұрғындармен етене араласып, тікелей жұмыс істеп, көкейіндегі сауалдарына жауап берудің артықшылығы мол. Сол үшін медицина қызметкерлері халық көп жиналатын орындарда болып, әрбір келушіге ақпараттық- түсіндіру жұмысын жүргізіп, буклеттер таратты.

Жалпы, әрбір қазақстандық мемлекеттің кепілдендірілген тегін медициналық көмегіне өз мәртебесіне қарай ие болады. Салық төлеуі не төлемеуі де статусына тікелей байланысты. Өз кезегінде әр азамат мұның өзі үшін керек екенін ескергені жөн. Бүгіннен бастап статусыңды анықтап, емханаға тіркелу – ертеңгі күні денсаулығыңызға дер кезінде көмек көрсетілуінің кепілі. Сондықтан, барша аудан тұрғындарын белсенділік танытуға шақырамыз.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района