Четверг, 22 февраля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Мұрағаттағы марапаттау
20:18, 21 декабря 2017

Мұрағаттағы марапаттау


Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыу» атты мақаласы аясындағы «Архивтер сөйлейді» жобасын іске асыруға бағытталған шараның бірі ретінде, бүгін Алмалыбақтағы Алматы облысының мемлекеттік архивы және аталмыш мекеменің Қарасай аудандық филиалында «Үздік филиал» атты байқаудың қорытындылау салтанаты өтті.

Облыстық мұрағат пен аудандық филиал бірлесіп  ұйымдастырған шараға Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Талдықорған мемлекеттік архивы, облыстық мемлекеттік архивы, филиал директорлары сынды беделді меймандар арнайы шақырылып, жалпы 17 бөлімше қатысты.

Кешті жүргізген бөлім басшысы Әлия Сәлиғазықызы алғы сөзде, қыркүйек, қазан айларында сырттай өткізілген байқаудың қорытындысы келіп жеткенін, оның арнайы ережемен әділ түрде өткенін мәлімдеді де Алматы облысы мемлекеттік архивының бас директоры Гүлмира Құлмұхамбетованы ортаға шақырып, қатысушыларды марапаттау рәсімін бастауын сұрады.

Төрт мекеменің ұпайлары бірдей 220 баллды құрағандықтан, мұрағатшыларға жабық конверттерден жеребе жасалып, жүлделерін өздері таңдап алды. Нәтижесінде, «Үздік филиал» атты байқауы бойынша бас жүлде иегері Қаратал филиалы болды ал,  бірінші орынға Еңбекшіқазақ филиалы, екінші орынға Ұзынағаш филиалы және үшінші орынға Райымбек филиалы ие болғаны анықталды. Бұған қоса, «Ведомстволық мекемелермен үздік жұмыс», «Үздік іс жүргізу», «Үздік архив қоймасы» номинациялары бойынша бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздар және архив ісіне өз үлесін қосқаны үшін алғыс хатпен он филиал марапатталды.

Жиын соңында, Алматы облысының мемлекеттік архивы бас директорының орынбасары Талғат Абылаев меймандарды жүлделерімен құттықтап, мұрағат саласының дәрежесін көтеруге үлкен үлес қосып жүргендерге ризашылығын білдірді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района