Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения за январь 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,5 тыс.человек | сельское — 206,5 тыс.человек | Темп роста составляет 102,3 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29051 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 21 марта 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі
16:18, 15 марта 2019

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі


«Nur Otan» партиясы аудандық филиалында «Кедергісіз келешек» партия жобасы аясында ауданымыздың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аудандық «Nur Otan» партиясы, халықты жұмыспен қамту орталығы және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен бүгінгі жәрмеңкеге бірқатар ауылдық округтердегі ірі кәсіпорындардың қызметкерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Оның барысында күн тәртібі бойынша жұмыс беруші тараппен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдем беру туралы мәселе қарастырылды.

Жалпы, жәрмеңкеге 20-дан астам жұмыс беруші қатысып, өздерінің өндіріс орындарын таныстыра келе, жұмыс іздеушілерге 10-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Негізінен бос жұмыс орындары келесі салалар бойынша ұсынылды, олар тігінші, қызмет көрсету саласы, күзетші, дайын өнімдерді қорапшалар мен қаптарға жинақтаушы адамдар (фасовщик), механик, электрик, жүргізуші, агроном, түрлі жұмыстарды атқаратын адам(разнорабочий), мал дәрігерлері сияқты салалар. Сондай-ақ, кәсіпорындардың өкілдері мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қандай жеңілдіктер жасалатыны жайлы да айтып өтті.

Ал, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Эльмира Тасырова жұмыс істейтін мүгедек адамдар үшін шаштараз, аспазшы, күзетші, сияқты тағы да басқа мамандықтар бойынша үш айлық тегін курстардың бар екендігін, айтып, өз ісін бастаймын дегендерге қаржылай көмек көрсетілетіндігін де жеткізді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района