Мәдениет пен өнер  саласының  қызметкерлері құрметтелген күн  

0
123

Үнемі айналасына көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлайтын, мәдениетке баулитын, киелі сахнаның қадірі мен қасиетін жете түсінетін, өмірлерін өнермен өрген жандардың төл мерекесі де қасиетті Қарасай жерінде ұмыт қалған жоқ.  Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіптік күніне орай, осы салада тынбай еңбек етіп жүргендер құрметке бөленді, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Яғни, бүгін аудандық Мәдениет үйінде елімізде енгізілген карантин тәртібіндегі барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып  тек  30 адамға арналған шағын жиын өтті.  Айта кету керек, бұл күнгі жылы жүзді жүздесуге сахна саңлақтары ғана емес, сондай-ақ, кітапхана мен музей қабырғасында еңбек ететін жандар да жиналды. Мәдениет майталмандарын мерейлі мерекелерімен шын жүректен құттықтау үшін сахнаға көтерілген аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова олардың қоғамға рухани байлық сыйлау мақсатындағы үлкен үлестерін сөз етіп, бірқатар марапаттарын өз қолымен берді. Атап айтқанда, жыл бойы атқарған жемісті істері үшін мереке иелеріне   облыстық Мәдениет басқармасы басшысының, аудандық «Nur Otan» партиясының және аудан әкімінің аттарынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары тапсырылды. Сондай-ақ,  басқосуға арнайы келген аудандық орталық аурухана кәсіподақ ұйымының өкілдері мәдениет саласының қызметкерлеріне өздерінің Алғыс хаттары мен сыйлықтарын табыс етті. Мерейлі жиынның  соңы Шамалған Мәдениет үйінің директоры  Шәрбану  Шәриқызының орындауындағы   әдемі  әнмен  түйінделді.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь