Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Мұғалімдердің тамыз конференциясы - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 23 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Мұғалімдердің тамыз конференциясы
16:56, 24 августа 2018

Мұғалімдердің тамыз конференциясы


Бүгін аудандық мәдениет үйінде мұғалімдердің тамыз конференциясы болып, оған мектеп директорлары, ардагер ұстаздар, ата-аналар комитетінің өкілдері, қоғамдық ұйым жетекшілері, округ әкімдері, мекеме басшылары  қатысты. Конференцияны аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева ашып, жүргізіп отырды.

Алдымен жиналғандар аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әсет Нұрекеновтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы баяндамасын тыңдады.

Келесі кезекте Ұлан орта мектебінің директоры Бану Аманова, Л.Толстой атындағы орта мектептің педагог-ұйымдастырушысы, жас мұғалім Ақнұр Қожантаева, Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясының ата-анасы Анар Сәрсембаева, аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Айдос Садықов сөйлеп, өздерінің жұмысы жайында баяндады, ұсыныс-тілегін айтып, ой-пікірін ортаға салды.

Конференцияда аудан әкімі Жандарбек Далабаев сөз алып, ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, аудандағы осы саланың жұмысына жан-жақты тоқталды, адам баласы үшін білім мен тәрбиенің аса маңызды екенін атап айтып, жас ұрпақты еліне адал қызмет ететін азамат қылып шығарудың мәні туралы кеңінен әңгімеледі. Мұғалімдердің назарын жаңартылған оқу жүйелеріне, осы заманғы педагогикалық тәсілдерге аударды. Жаңаша білім беру технологиясын батыл игеруге шақырды. Білім мен тәрбие берудің сапасы мен тиімділігін арттыруға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Мұнан кейін, аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы бір топ мұғалімге Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын салтанатты жағдайда тапсырды.

Соңынан тамыз конференциясына қатысушылар қазақ эстрадасының жұлдыздары,  әншілер Мирас пен Құралайдың және аудан өнерпаздарының концертін тамашалады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района