Ұлы ақынға арналды

0
268

Өзінің поэзиясымен қазақтың көркем сөзін шырқау биікке көтерген, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруға зор еңбек сіңірген ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толғалы отыр. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында бүгін ауданымызға қарасты Іргелі округінің Мәдениет үйінде «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» атты әдеби кеш өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Округ әкімдігінің ұйымдастыруымен ұлы Абайдың шығармашылығы аясында еліміздегі жастар арасында Отанға, еңбекке, білімге деген сүйіспеншілік сынды құндылықтарды ілгерілету мақсатында өткен шараға барлық округтердің құрметті ақсақалдары мен әжейлері қатысты.

Кеш әдемі басталып, онда Кемертоған орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезовтің Л.Соболевпен бірігіп жазған алғашқы көркем шығармалардың бірі – «Абай» атты трагедиялық пьесасынан бір үзіндіні көрініс ретінде қойды. Мұнан кейін сахна төріне Іргелі округі әкімінің орынбасары Серік Үмбеталиев шығып, жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, еліміздің әдебиеті мен мәдениетінде, тарихында үлкен із қалдырған Абайдың жазған еңбектерінің маңыздылығы мен құндылығына тоқталды. Сонымен қатар, өңіріміздің ақсақалдары мен әжелер де сөйлеп, шараны ұйымдастырған мектеп ұжымы мен оқушыларға алғыстарын жеткізді. Сондай-ақ, олар қазіргі таңда Абай атамыздың өлеңдері мен қара сөздері арқылы өскелең ұрпақтың сана сезімі мен рухани құндылықтарын байыту керектігінде атап өтті. Мұнан бөлек шарада осы округтің Нұрғамила есімді әжейінің ұлы ақынға арнап жазған арнауы оқылып, аталмыш мектептің талапкерлері Абайдың «Білімдіден шыққан сөз», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Заман ақыр жастары» сияқты бірқатар өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Қазақ ұлы тұлғасы Абай тағылымын жастардың санасына сіңіру, оның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу мақсатында өткен кештің соңы ақынның әлемге танылған «Көзімнің қарасы» атты әнімен аяқталды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь