Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на декабрь 2018 года – 270.4 тыс. человек | из них: городское – 64,6 тыс.человек | сельское — 205,8 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 131609 тг. | Величина прожиточного минимума – 29009 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Ұлттық сусынды дәріптеп жүрген қарасайлық - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 23 февраля 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Ұлттық сусынды дәріптеп жүрген қарасайлық
19:13, 01 февраля 2019

Ұлттық сусынды дәріптеп жүрген қарасайлық


Төрт түліктің бірі – жылқы малын қазақ халқы ежелден ерекше көріп, қастерлеген. Ал, оның қымызы мен саумалы бойға қуат дарытатын, дертке дауа болатын емдік қасиеті бар ұлттық сусынымыздың бірі. Осындай жылқы сүтін дәріптеп, елге пайдам тисін деген атымтай азаматтардың бірі – Қарасай ауданы Кемертоған ауылының тұрғыны, кәсіпкер Айдархан Берікбаев. Жылқы малын қалай баптап өсіруді, оның сүт өнімдерін қалай молынан алуды әке даналығынан үйренген кәсіпкер қазіргі кезде 30 бас жылқыны қолға үйретіп, қымыз, саумалын ел игілігіне жұмсап келеді.

Айдархан Құлынтайұлы осындай шаруашылықтың жандануына мемлекеттің «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы көп көмектескенін айтады. Аталған бағдарламаның арқасында соңғы төрт жылда 7 бас жылқыны 30 басқа дейін жеткізіп отыр. Шипалық қасиеті бар саумалдан осы уақытқа дейін дертінен айыққан жандар да жетерлік екен.

Осындай саумалдан бөлек, ұлттық сусынымыз – қымыздың өзін «Берікбаев» шаруа қожалығы арнайы күбіде пісіп, сүт өнімін өзгеше өңдеу тәсілін де меңгерген. Оның механизмін заманауи күбімен алмастырмай, ата-дәстүрмен қалыптасқан әдіс арқылы жандандырып келеді.

Ата кәсіпті жалғаушы Айдархан Берікбаевтың жылқы шаруашылық жолында жеткен жетістіктері де аз емес. Олардың арасында ел ішіндегі шаруашылық фестивальдерінде алдыңғы орын алғанын, Франция елшілігінің Алғыс хатына ие болғанын ерекше айтуға болады.

«Берікбаев» шаруа қожалығы қазірдің өзінде толықтай 1 отбасыны жұмыспен қамтып отыр. Ал, қымызы мен саумалының сапасын жұртшылық ерекше мақтап, Айдархан ағамыздың жомарттылығына да ризашылықтарын білдіруде.

Айдархан Құлынтайұлының ендігі мақсаты – мемлекеттің тиімді бағдарламасын пайдаланып, шаруашылықты дамытып, сусындардың емдік қасиетін пайдалана келе сауықтыру орталығын ашу. Әрі оны медицина саласының жолымен де байланыстыруды көздеп отыр.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района