Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 19 октября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ
11:41, 18 Июль 2019

ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі және құрамы бекітілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Egemen Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы алдымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Twitter-дегі парақшасында: «Сайлау­ал­ды бағдарламаны жүзеге асыру мақса­тында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Ұлттық кеңес мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері елімізді жаңғырту ісіне елеулі үлес қосады деп сенемін. Бұл – өте маңызды мін­дет» деп жазды.

Аталған Жарлықтың жай-жап­сары Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында баяндалды. Кеңестің негізгі мақ­саты – жұртшылықтың, саяси пар­тиялардың, азаматтық қоғам өкіл­дерінің қатысуымен мемлекеттік саясатқа қатысты өзекті, маңызды мәселелер бойынша бастамаларды, ұсыныстарды тұжырымдау. Сонымен қатар тұжырымдамалардың, мем­лекеттік бағдарламалар мен нор­мативтік-құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу, жұртшылықтың, азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стра­тегиялық проблемаларды қарау, сындарлы диалогты қамтамасыз ету – кеңестің негізгі міндеттері. Ұлттық кеңестің құрамы 42 адамнан жасақталды. Олардың бір тобын Мұхтар Тайжан, Арман Шораев, Қа­зыбек Иса, Мұрат Әбенов сияқты көпке аты мәлім қоғам қайраткерлері құрады. Сондай-ақ, кеңеске қоғам бел­сенділері – Жәнібек Қожық, Азамат­хан Әміртаев, Бақытжан Бұқарбай және құқық қорғау өкілдері – Жеміс Тұрмағамбетова, Айман Омарова, Айгүл Орынбек мүше болды.Ұлттық қоғамдық сенім кеңе­сінің жұмыс бағдарынан хабардар еткен баспасөз жиынында осы Ке­ңестің құрамынан табылған қо­ғам қайраткерлері  өз пікірлерін білдірді. Баспасөз жиынының соңына қарай Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшысы Ерлан Қарин кеңестің алғашқы жиыны шамамен тамыз айының 20-сына қарай өтеді деп жоспарланып отырғанын мә­лімдеді. Сондай-ақ, ол диалог, талқылаулар Кеңес үстелінің басында ғана шектелмей, әлеу­меттік топтардың кез­десулері өңір-өңірде өтетінін айтты.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района