Ұлттық домбыра күні перзетханада аталып өтті

0
414

Домбыра қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Өткен жылы Елбасының шешімімен қазақтың жанына жақын аспабының мәртебесі артып шілде айының бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні арнайы бекітілген болатын.  Бұл нағыз, шынайы халықтық мерейлі мерекеден қасиетті Қарасай жерінің ел-жұрты да қалыс қалған жоқ. Осымен екінші рет аудандық ішкі саясат бөлімінің  ұйымдастыруымен аудандық орталық ауруханадағы перзентханада «Қасиетті домбыра» акциясы  өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Атап айтқанда, аудандық Қоғамдық келісім комиссиясының, Қаскелең қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Несіпбала Әбділдаева, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ақылия Бекбайқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әмина Абдраманова   осы күні дүние есігін ашқан жеті нәрестенің аналарына кішкентай кәдесый домбыра сыйлап, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар, шара барысында аудандық Мәдениет үйінің  өнерпаздары орындаған күйлер  ұлттық аспаптың қастерлігін одан әрі айқындай түсті. Мерекелік жиын домбыраның қасиет-қадірін тағы бір дәлелдеп, жиналғандарға да көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь