Ұлттық банк коллекциялық тиындардың жаңа түрін шығарды

0
60

Қазақстан Ұлттық банкі қараша айының 27-сі күні номиналы 500 теңгелік күмістен «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Quraq kórpe» коллекциялық монеталарын және номиналдары 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан «Kόbelek. Lasiommata maera» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– «Quraq kórpe» төсенішінің тарихы ежелден бастау алады. Ол қалыңдықтың жасауына дайындайды. Уақыт өзгереді, бәрімізге таныс әженің көрпесін қолдану да өзгереді. Алуан түрлі ою-өрнектер, кемпірқосақтың барлық түсі – осының бәрі қазақ көрпесі, қолдан жасалған құрақ көрпе», – деп жазады Ұлттық банк баспасөз қызметі Quraq kórpe монеталарының сипаттамасы туралы.

Монеталар түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып күмістен жасалған. Оның аверсінде орталық бөлігінде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазбаның қоршауында Елтаңбасы орналасқан. Монетаны айналдыра – ұлттық ою-өрнек салынған. Сондай-ақ, оның реверсінде қолдан жасалған құрақ көрпенің бейнесі, «Quraq kórpe» деген жазу, соғылған жылы және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

Номиналы 500, 200 және 100 теңгелік коллекциялық теңгелер ҚР-ның бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ, банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті. Сонымен қатар, бұл теңгелер еліміздің барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және ҚР Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Монеталарды Ұлттық банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ, интернет дүкен арқылы сатып алуға болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь