Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12 пайызға көтерді

0
505

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі сыртқы сектор тарапынан тәуекелдерге теріс ықпал ету аясында баға тұрақтылығын қолдау қажеттілігіне негізделген базалық мөлшерлеменің деңгейі бойынша кезектен тыс шешім қабылдады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, бүгін, яғни, 10 наурыздан бастап базалық мөлшерлеме пайыздық дәлізді +/- 1,5 пайыздық тармаққа дейін қеңейтіп, жылдық 12% деңгейінде белгіленді. Тиісінше, өтімділікті ұсыну бойынша тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 13,5% және өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша 10,5% болады.

COVID-19 короновирусының таралу ауқымының айтарлықтай кеңеюі қазақстандық экспортты негізгі тұтынушы Қытай және Еуропалық одақ сияқты елдердің экономикалық даму перспективаларының нашарлауындағы негізгі факторға айналды. Brent сұрыпты мұнай бағасы 2020 жылғы 9 наурызда ОПЕК+ отырысына қатысушылардың мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәміленің талаптары туралы уағдаластыққа келе алмауы нәтижесінде күрт төмендеді. Оның белгіленген бағасы бір күнде 30%-дан аса барынша көп төмендеп, бір баррель үшін 31-36,5 АҚШ доллары деңгейінде болды. Инфляциялық таргеттеу шеңберінде жүргізілетін Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты ел экономикасына сыртқы күтпеген өзгерістер салдарының таралуын алдын алуға, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және теңгедегі активтерді қорғауға бағытталды. Ұлттық банк ұлттық валютаның еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін ұстануды сақтайды. Қажет болған кезде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін валюталық өктемдіктер жүргізеді. Ұлттық банк ішкі ақша және валюта сегменттеріндегі, сондай-ақ әлемдік шикізат нарықтарындағы ахуалға үздіксіз мониторинг жүргізеді және қажеттілігіне қарай қаржылық тұрақтылықтың қосымша шараларын қабылдайды.

Базалық мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің кезекті шешімі 2020 жылғы 16 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15:00-де жарияланады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь