Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Үлкен қамқорлық көрсетті - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 17 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Үлкен қамқорлық көрсетті
19:23, 02 октября 2017

Үлкен қамқорлық көрсетті


Жаңашамалған ауылдық округінде Қарттар күніне орай «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымының бастауымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» акциясы ұйымдастырылған болатын.

Оның барысында алдымен аталмыш ауылдық округте тұратын 100 зейнеткерге арналған ұн және азық-түлік себеттері таратылды. Мұнан соң, бұл игі іс-шара 16 жалғызбасты, төсек тартқан мүгедектердің және Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Миргородецтің үйлерінің ауласын күл-қоқыстан, жапырақтан тазарту және қысқа отын даярлау жұмыстарына жалғасты. Жалпы, бұл көмек барысында тек әкімшілік қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар, округке қарасты бес мектеп ұжымы да белсене қатысты. Бұдан бөлек, жергілікті әкімдік осындағы кәсіпкерлерімен бірге азық-түлік себетімен де қамтамасыз етті.

Ал, бүгін Жаңашамалған ауылында «Нұр» мейрамханасының демеушілігімен осы мерекеге орай мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Барлығы 85 еңбек ардагерлері қатысқан жиынды округ әкімі Ғалия Аманова ашып, мереке иелерін ізгі тілегімен құттықтады. Онда кішкентай өнерпаздар өздерінің өнерлерін көрсетіп, қонақтардың көңілін жадыратты. Ал, ауылдың қарттары кезектесіп ортаға шығып, құттықтауларын әнмен, өлеңмен жеткізді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района