Әлеуметтік саланы дамыту мәселесі талқыланды

0
851

Өткен аптада облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті LV сессиясы өтіп, онда депутаттар облыстың 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттің жобасын талқылап, бекіткен болатын. Жиын барысында облыс басшысы 2020 жылды облыста газдандыру жылы болады деп мәлімдеді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сессияда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов баяндама жасап, облыстың алдағы үш жылға арналған бюджетінің жалпы көлемі 1,8 триллион теңгені құрайтын шығыс бөлігінің жобасын қарастыруға ұсынды.

Мәслихаттың кезекті сессиясында 2020 жылға арналған бюджет жобасы 579 млрд. теңге сомасында анықталса, бұл 2019 жылдың бекітілген бюджетінен 27,9 пайызға немесе 126 млрд. теңгеге артық екені де мәлім болады. Баяндамашының айтуынша, жоспарланған қаражаттың ең көп үлесі әлеуметтік  салаға – 23,2%, тұрғын үй және инженерлік коммуникацияға -18,6%, сумен қамтамасыз ету – 4,1%, газбен қамтамасыз етуге – 2,7% және басқаларына – 51,4% көлемінде бөлінген. Жалпы, алдымыздағы үш жылда әлеуметтік саланы дамытуға 1,2 триллион теңге көзделуде, бұл облыс бюджеті көлемінің 60 %-дан астамын құрайды.

Бюджет жоспарының жобасымен танысқан депутаттар, оны бірауыздан қолдап, дауыс берді. Сонымен қатар, осы басқосуда келесі сессияның төрағасы сайланып, оған депутат Мұхит Үмбетов бекітілді.

Сессия жұмысын қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов облыс бюджетінің жобасына қолдау білдіріп, сенім артқандары үшін депутаттарға ризашылық білдірді. Сондай-ақ, Амандық Ғаббасұлы облыс үшін 2019 жыл оңай болмағанын айтып, кейбір мәселелерге тоқталып өтті. Мәселен, атаулы әлеуметтік көмекке бұған дейін 4 млрд. теңге бағытталып келсе, осы жылда бұл сома бірден 28 млрд. теңгеге көтеріліп, алушылар саны 40 мың адамға жеткен. Сол сияқты Арыс қаласындағы біздің облысқа бөлінген үлкен учаскені қалпына келтіру де өз деңгейінде жасалды. Түркістан облысын қолдау шараларының ауқымды көлемі биылғы жылдың бюджетінен атқарылған.

Бұл айтылғандардан бөлек, облыста тұрғын үйдің құрылысы қарқынды болатынын айта кеткен жөн. Мәселен, келесі жылы Талдықорғанда 22 үй салынса, облыс басшысының мәліметіне сүйенсек, Қарасай, Іле, Талғар аудандарында да тұтас шағын аудандар салынатын болады. Сонымен қатар, А.Баталов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында үш ауысымды мектептерді жою туралы айтылғанын еске сала отырып, өңірде 38 мектеп үш ауысымды санатында екенін тілге тиек етіп, соған сәйкес облыста келер жылы 32 мектеп салынатынын жеткізді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь