Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Әлеуметтік нысандар аудан әкімі назарында - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 22 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Әлеуметтік нысандар аудан әкімі назарында
18:50, 10 октября 2017

Әлеуметтік нысандар аудан әкімі назарында


Бүгін аудан әкімі Махаббат Бигелдиев бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Атап айтқанда, қасына тиісті жауапты мамандарды ерткен Махаббат Садуақасұлы алдымен Қаскелең қаласындағы «Алтын Ауыл» кешенінің жылыту қазандығын көрді.

Жалпы, осы жылғы 3 қазандағы аудан әкімінің № 909 қаулысына сәйкес, барлық қарасайлық бюджеттік мекемелер мен орталықтандырылған жүйеге қосылған тұрғын үй кешендеріне жылу беріліп қойған. Ал, осындағы 18 көп қабатты үй тұрғындарының қыс кезіндегі жайлылығына «Таусамалы» мемлекеттік мекемесі жауапты. Осы күзден сенімгерлік басқару құқығына ие болған мекеме басшысы Б.Айнабеков аудан әкіміне қазандықтың жағдайы жайлы толық баяндады. Негізінен, қазандық қазір ешқандай төтенше жағдайсыз, жүйелі жұмыс істеп тұр. Бірақ, ұзындығы 1,6 шақырымды құрайтын жылу желілерін келесі маусымға қарсы жаңарту үшін облыстық бюджетке 29 млн. теңгеге сұраныс жолданған. Сонымен қатар, бүгінде жылыту ошағын толығымен жаңалауға кететін қаражат мөлшері де есептелуде. Бұл ретте, осындағы пәтер тұрғындары өздерінің ішкі жылыту жүйелеріне тексеру жүргізіп, қандайда бір мәселе туындаса немесе сұрақтар болса, кешен аумағында орналасқан кезекші маман қосынына хабарласулары қажет.

Әрі қарай Махаббат Садуақасұлы Іргелі ауылдық округінде орналасқан «Асыл Арман» ықшам ауданына бет бұрды. 2014 жылы ғана іске қосылған мұндағы қазандықтарға қатысты айтарлықтай мәселе жоқ. Мұнда қуаттылығы 34,4 Гкал-ды құрайтын төрт пеш орнатылған. Оларға «АлатауКомСервис» ЖШС-гі қарайды. Аудан әкімі өзі әдейілеп келіп көрген бұл екі қазандыққа жауапты мекеме басшыларына қыс кезінде ешқандай мәселе туындап, халық зардап шекпеуі керектігін қатаң ескертті.

Бұдан бөлек Махаббат Садуақасұлы осы «Асыл Арманда» келешекте ашылатын дәрігерлік амбулатория мен учаскелік полиция қосынына арналған ғимараттарды да барып көрді. Ауданның бас дәрігерінің міндетін атқарушы Е.Сәрсенбаев пен жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Е.Ахметжанов бұл ретте медициналық қызмет көрсететін және тәртіп сақшылары қоныстанатын орындардың жай-жапсары және ішкі жөндеу жұмыстарының жобасы жайында толық баяндады. Сөз соңында аудан әкімі бұл аса маңызды әлеуметтік нысандар үнемі бақылауда болып, тиісті уақытында ел игілігі үшін қолданысқа берілуі қажеттігін алға тартты.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района