Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 18 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады
11:04, 29 декабря 2017

Әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады


Осы аптада аудан әкімі Махаббат Бигелдиев бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардағы хал-ахуалды байқап, бағамдап қайтты. Жұртшылыққа көрсетілетін қызмет түрінің қай-қайсысы болса да сапалы әрі уақтылы болуы керектігін айтып, өзінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Ауданымыздағы адам аяғы сиремейтін, елмен етене тығыз жұмыс істейтін мекеменің бірі – халыққа қызмет көрсету орталығы. Мұнда күніне шамамен 700-ге жуық қызмет көрсетіліп, 1000-нан астам адамның құжаты қабылданады. Үнемі жаңғыртылған жаңа бағдарламаларды іс барысына енгізіп, бизнес-процесс режимінде жұмыс істейтін бұл орталыққа биыл он жыл толып отыр.

Алдымен Махаббат Садуақасұлы осында болып, ұжымды шағын мерейтойымен құттықтап, іші қызу қарбаласқа толы мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты.

Орталықтың жақында жаңадан тағайыналған басшысы Ербол Мергенбаев Махаббат Садуақасұлына құжат қабылдау, дайын құжаттарды беру, кеңесшілер, өзіне-өзі қызмет ету секторларын, екінші қабаттағы көші-қон полициясы бөлімін аралатты. Күніне халыққа көрсетілетін қызмет санына байланысты статистикалық деректерді салыстырғанда, Қарасай аудандық ХҚКО-ғы Астана, Алматы сияқты ірі мегаполистерден кейін алдыңғы ондықта тұрғандығы әңгіме арқауына айналды.

Сонымен қатар, он жыл ішінде орталықты басқарған басшылар, қол жеткізілген жетістіктерден мол мағлұмат беретін бұрыш пен көрмені тамашалаған аудан әкімі ұжымға жақсы тілегін білдірді.

Мұнан кейінгі назарға алынған нысан аудандық перзентхана еді. Бұл жерде орталық аурухананың бас дәрігері Ербол Жақсылықұлы қарсы алып, күн сайын жаңа тіршілік иесі өмір есігін ашатын ерекше мекеменің жай-жапсарына қанықтырды.

Бас дәрігердің айтуынша, тәулігіне жиырмаға жуық сәби дүниеге келетін біздің аудандық перзентхана облыстағы 110 төсектік орны бар. Мұнда ана мен бала үшін барлық жағдай жасалып, биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Әсіресе, шала туған шарананың салмақ жинап, қалпына келуіне септігі зор арнайы блоктың атқарар ісі ауқымды.

Махаббат Садуақасұлы перзентхана ішін түгелдей аралап, өңіріміздің демографиясын көтеруге үлес қосып жүрген әйелдер қауымының қоғамдағы орны да ерекше екенін тілге тиек етіп, ана мен бала өліміне жол берілмеуі керектігін баса айтты. Ақ желеңді абзал жандарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, жауапкершілігі жоғары жұмыстарына жетістік тіледі.

Сонымен қатар, тиісті бөлім басшыларымен бірге аудан әкімі Қаскелең қаласындағы орталық «Жер Ана» базарына да ат басын бұрды. «Зәмза» сауда үйіндегі ет сататын саудагерлермен тілдесіп, сатылатын азықтың санитарлық жағдайы туралы сұрады. Осындағы төртінші қабаттағы балалар ойынына арналған алаңды да көрді. Жалпы сөрелердегі тауарлардың бағасымен танысып, қандай зат болса да халыққа қолжетімді қаражатқа сатылуы керектігін сөз етті. «Жер Ана» базарының директоры Әлия Меңдібаеваға жабайы саудаға жол бермей, тұтынушыға да сатушыға да қолайлы жағдай туғызуды ойластыру керектігін, базардың негізгі кіре-берісін автотұраққа айналдырған Абылайхан көшесіндегі көлік қозғалысына да оң әсерін беретінін айтты. Осы жағын қадағалауды жергілікті полиция қызметінің басшысы Әділ Мейрамбекке де тапсырды.    


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района