Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІККЕ ҮЛЕС ҚОСҚАНДАРДЫ БАҒАЛАУ - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 17 сентября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІККЕ ҮЛЕС ҚОСҚАНДАРДЫ БАҒАЛАУ
15:05, 11 сентября 2019

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІККЕ ҮЛЕС ҚОСҚАНДАРДЫ БАҒАЛАУ


2019 жылдың 20 тамызында Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін «Ózgerіs ustasy» бірінші республикалық сыйлығының иегерін анықтауға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Сыйлықты тағайындаудың негізгі мақсаты – Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік танымал ету және осы саладағы көрнекті мамандардың сіңірген еңбегін қоғамның мойындауы, сондай-ақ, отандық әлеуметтік кәсіпкерлік институтына назар аудару

Сыйлық ұйымдардың екі санатына арналған:

  1. Әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатын ҮЕҰ
  2. Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін ұйымдар.

Сыйлық Үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) 6 номинация бойынша беріледі:

  1. Білім берудегі әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі.
  2. Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі.
  3. Экология саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі.
  4. Мәдениет және өнер саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі.
  5. Әлеуметтік осал топтарды қолдау саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі (ерекше қажеттіліктері бар адамдар, қарт адамдар, әйелдер, жастар, балалар және т.б.)
  6. Аумақтарды дамыту саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі (облыстар, қалалар, аудандар және т.б.)

Жоғарыда аталған 6 номинация бойынша жеңіске жеткен ҮЕҰ-ға 500 000 теңге көлемінде грант беріледі. Сыйлық аясында ҮЕҰ арасынан 15 жеңімпазды анықтау жоспарланған.

Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін ұйымдарға Сыйлық 4 номинация бойынша беріледі:

  1. Корпоративтік бизнес арасындағы «Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың ең үздік КӘЖ бағдарламасы».
  2. Мемлекеттік институттар арасындағы «Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың ең үздік мемлекеттік шарасы».
  3. «Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі халықаралық институттың ең үздік бастамасы».
  4. “Әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбын үздік жариялаған бұқаралық ақпарат құралы».

Жоғарыда аталған 4 номинацияға үміткерлердің тізімін ұйымдастырушылар бекітеді. Жеңімпаздарды сараптамалық комиссия анықтайды. Жүлдені алуға өтінімдер www.ozgeris-ustasy.kz  сайтында қабылданады.

Жеңімпаздар бірнеше кезең бойынша анықталады:

  1. Өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 20 тамызынан 16 қыркүйекке дейін;
  2. Республикалық сараптамалық комиссия ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде 30 жартылай финалисттерді анықтайды;
  3. Ашық онлайн дауыс беру осы жылдың 10-30 қазан аралығында өтіп, нәтижесінде 15 жеңімпаз анықталады;
  4. Марапаттау рәсімі 2019 жылдың 15 қараша күні Алматы қаласында өтеді.

Қосымша сұрақтарды жоба координаторы Фарида Наврузбековаға хабарлассаңыздар болады. Телефон нөмері: 8-708298-84-19


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района