Әлеуметтік ID карта жоба енді үш облыста қолға алынады  

0
192

 

Әлеуметтік ID карта бойынша пилоттық жоба аумағын кеңейтетін болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі   Нариман Мұқышев Ақтөбе қаласында қазіргі уақытта әлеуметтік ID бойынша пилоттық  жоба жұмыс істеп жатқандығын хабарлаған болатын. Бұл  – атаулы әлеуметтік  көмек түсетін карта. Мұнымен қатар оны қоғамдық көлікте жолақыны төлеуге, ал оқушылар мектепте тамақтану үшін пайдалануға болады.   Аталмыш картада  электронды төлеу жүйесіне синхрондалған. Қоғамдық көліктердегі  валидатор картаның дәрежесін автоматты түрде анықтайды.   Сондай-ақ, мектеп асханасында  әлеуметтің ID картасы бар балалар ол  арқылы түскі асын төлей алады. Әрине картадан ақша алынбайды.

Енді жақында аталмыш пилоттық жоба Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарында қолданылатын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь