ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛДЫ

0
637

Алматы қаласында жағдайы төмен отбасыларды тегін киім-кешекпен қамтитын әлеуметтік дүкен ашылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайырымдылық мақсатта ашылған бұл дүкен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған. Әлеуметтік орталық Алматы қаласындағы «Айнабұлақ» шағын ауданындағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан. Жұмыс істеу уақыты апта бойы үзіліссіз таңғы 9.00-ден кешке дейін. Мұндағы дүкен сөрелерінен сәбилерге, қарт адамдарға арналған түрлі ойыншықтардан бастап киім-кешектер мен гигиеналық заттарға дейін қолжетімді. Ал, киімдердің барлығы көмекке қол үшін берем деген жандардан қабылданып, олар іріктеліп, арнайы тазалаудан өткеннен кейін ғана дүкенге шығарылады.Осындай қайырымдылық бастаманы жергілікті әкімдік қызметкерлер, кәсіпкерлер және еріктілер қауымы қолға алып отыр.

– Бұл іске бастапқыда тұр­ғындардың өздері атса­лыс­қан, бір жағынан мемлекет көмектессе, екінші жағынан қоғам да қамқорлығын көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, киім жинау, оны іріктеп, жақсыларын мұқтаж жандарға таратып беру секілді жұмыстар атқарылуда. Осы жұмыстардың негізінде әлеуметтік дүкенді ашып отырмыз. Мұқтаж жандар келіп, бұл жерден өзіне қажеттісін алып кете алады. Сондай-ақ бұл әлеуметтік дүкенге іске жарамды заттарды көмек ретінде өткізуге болады, – дейді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Вячеслав Вавилин.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь