Әлемдегі ең қауіпсіз елдер

0
800

Елдердің қауіпсіздігін анықтайтын екі негізгі көрсеткіш бар. Олар: жаһандық терроризм индексі және қаржылық индекс.  Аталған мемлекеттер тізімін Хабар 24 сайты көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Исландияда  соңғы 17 жыл ішінде 100 000 тұрғынға шаққандағы зорлық-зомбылық көрсеткіші шамамен 1,8 деңгейін көрсетеді. Ал, АҚШ-та бұл көрсеткіш 5,8 құрайды. Бір таңқаларлығы, екі елде де қару-жарақ еркін түрде қолжетімді. Тағы бір таңқаларлық факт қазір Исландияда шамамен 150 тұтқын бар. Олар сонымен қатар демалыс күндері түрмеден шығып үйлеріне барып келе алады.  Исландияда  оңғы 10 жылда болған наразылықтар – Тролдер партиясына қарсы митинг және ананас қосылған пиццаны қолдауға арналған халық наразылығы. Бұл елге бару үшін шенген визасы қажет.

Сингапур қылмыс индексі – 0,38,  бұл Исландиямен салыстырғанда одан да қауіпсіз ел. Аталмыш елде қару-жарақ пен есірткі заттарға,  көшеде жаман сөз айтып ұрысуға, қоқыс тастауға және тыйым салынған жерде темекі шегуге болмайды.  Қазақстан сияқты Сингапур де көп ұлтты ел, мұнда малай, үнді, индонезия, араб және еуропалық мәдениеттер араласып жатыр. Сингапур үкіметі (олардың мәліметтері бойынша) елдегі сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жойған. Кез-келген мөлшерде жемқорлық жасаған адам ұзақ мерзімге түрмеге қамалады және бамбук қамшымен сабалады. Туристік виза онлайн режимде беріледі. Бірақ, 18-30 жас аралығындағы жалғыз саяхат жасағысы келетін қыздарға электронды виза берілмейді.

Кипрдегі ең ерекше бір нәрсе, 2018 жылға дейін олар есіктерін, көліктерін ешқашан кілттеп жаппайтыны. Алайда шетелдік қонақтардың көптеп келуі ұсақ қылмыстар санын арттырды. Кез-келген ұсақ-түйек құқықбұзушылыққа 100 доллардан бастап айыппұл салынады.

Люксембур – бұл шағын мемлекетте тұратын  500 000 тұрғынның барлығы өмірлеріне разы. Өйткені, мұнда экономика үнемі өсіп келеді. Бұл елде көптеген халықаралық банктер мен ең ірі әлемдік компаниялардың штаб-пәтерлері бар.  Жергілікті тұрғындар көбісінің хоббиі – шарап жасау және бау-бақша егу. Неге десеңіз, олар тиын санап, алдағы күнкөрісін ойлап отырғысы келмейді екен. Люксембургтіктер өздерінің бақыт деңгейін 10 балдық шкаланың 7,1-іне теңейтін көрінеді.

Жаңа Зеландияда қылмыстың индексі жылына 100 000 адамға шаққанда 0,7 құрайды. Бұл елде сыбайлас жемқорлық жоқ. Біріншіден, заңдары өте қатал, екіншіден, кірістер жоғары. Соңғы бес жыл ішінде Жаңа Зеландияда ұлттық наразылықтар немесе ұлттық немесе мәдени негізде қақтығыстар болмаған. Дүниежүзілік толеранттылық индексінде Жаңа Зеландия үздік бестікке кіреді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь