Латын әліпбиіне көшу – дұрыс таңдау

0
798

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар»: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылу тиіс екенін айтты. Осыған орай, бүгін  аудандық орталық кітапханада аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйытқы болуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

«Жазу реформасы – жаңа қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру тетігі» деп аталған жиынның басты мақсаты – еліміздің латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндіру. Шараға қала мен ауылдық округтердің және мемлекеттік мекемелердің тілге жауапты мамандары, тіл орталығы, білім, мәдениет, архив мекемелерінің қызметкерлері, жастар қатысты.  Жиынды модераторы ретінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ляззат Әуелбекова жүргізіп, тақырып аясында өз пікірін білдіруге келген басқосудың қонақтарымен таныстырды. Қазақ жазуында бұрында қолданылып келген әліпбилер тарихы туралы Алматы облысының мемлекеттік архиві, Қарасай аудандық филиалының архивисті Дина Бакилова айтып берді. Одан кейін сөз алған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясатына қатысты Ұлттық комиссия жанынан құрылған орфографиялық топ мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Сүлейман Демирел атындағы университетінің ассистент-профессоры Нұрсәуле Рсалиева «Мекеме маңдайшаларын латын қарпінде әзірлеу мәселесі» тақырыбы толықтай мағұлмат берді.

Аудандық Қазақ тілі қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы «Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары» жөнінде, ал, ардагер  ұстаз, ҚР оқу ісінің үздігі Ақлима Көсемова «Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?» туралы өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» Қарасай аудандық филиалының меңгерушісі Жанар Оразалиева атқарып жатқан жұмыстарынан есеп берді. Қазіргі таңда облыс бойынша  19 осындай орталық ашылған. Біздің аудандығы аталмыш тіл мекемесінің ұжымы 8 мекемеге басшылары мен орынбасарларын қосқанда барлығы 75 қызметкер 6 ай бойы латын әліпбиін меңгеруге үйрететін болады. Тұтастай алғанда, латын әліпбиіне көшу – дұрыс таңдау. Жастар жағы латын әліпбиіндегі қазақ жазуын тез меңгеріп алады. Түбі бір түркі дүниесімен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуге жол ашылады деген оймен басқосудың спикерлері жиынды қорытындылады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь